©
Жастарды әскер қатарына ерікті түрде өтуге дайындау, әскери өмірге бейімдеуді және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарын айбынды жігерлі жастармен толықтыруды мақсат еткен патриоттық шаралардың бірі - 5 күндік далалық оқу-жаттығу жиыны Түпқараған ауданының орталығы Форт-Шевченко қаласында 10 жыл қатарынан үзілмей ұйымдастырылып келеді. Осы аталған шараның ашылу салтанаты кеше «Дарын»қосымша білім беру ғимаратының жанында өтіп, оған Түпқараған аудан әкімінің орынбасары Талғат Алтынғалиұлы және аудандық қорғаныс бөлімі арнайы қатынасқан болатын. Жиында ауданға қарасты 8 мектеп бойынша 10 сынып ұлдарынан 92 оқушы сап түзеп, казармалық тәртіпте әскери өмірге бейімделуге кірісті.
Бастапқы дайындықтан далалық жаттығу жиындарын өткізу туралы Түпқараған ауданы әкімінің шешімі негізінде, аудандық білім беру бөлімінің №192 бұйрығы шығарылып 01-05 маусым аралығында бес күн бойы оқушылар арнайы әскери тәртіпке үйреніп, түске дейін сабақ өтіп, түстен кейін спорттық, мәдени шараларға қатынасатын болады.
Оқу-жаттығу жиынында рота командирі Болат Қойшыбаев, штаб бастығы Нығмет Балғабаев және бөлім командирлері бар.
-Жыл сайын оқу жылы аяғында 10 сынып оқушыларының ұлдарының арасында далалық оқу жаттығуы өткізіледі. Биыл 10 жыл болып отырған жаттығу жиынының бір ерекшелігі «Дарын» ғимаратының жаңа жатақханасындағы жайлы жатын орындарымен пайдалануға беріліп отыр. Жаңа ғимарат талапқа сай, казармалық типте, жатын орындары мен спорт залы бар. 4 адам бір бөлмеге орналасқан. Қастарына 1 командир рота бөліп отырмыз, бірігіп жатады. Жаттығу жиыны таңертеңгі ұйқыдан ояну және таңертеңгілік жаттығудан тұрады. Сабақ кестесі бойынша бағдарлама негізінде өткізіледі. Біздерге шептік көмек көрсетіп отырған 19981 әскери бөлімі сарбаздары саптық жаттығуда қолұшын беруде.Қала басындағы шекерашылар әскери бөлімі әскери мүлікпен көмектесті. Биылғы жиынға 8 мектептің оқушыларынан 92 оқушы қатынсып отыр, олардан бөлек 10 бала дәлелді себеппен дәрігер анықтамалығын әкеліп, босатылды. Барлық мектептің БӘД пәнінің мұғалімдері мен дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері жұмылдырып отыр. Қатысушылар осы жиында 3 рет тамақтанады, спорттық шаралары бар. Осы бес күндік аясында ауған соғысы ардагерлерімен кездесу, әскери бөлімдермен танысу, рәміздер күніне қатынасу жоспарда бар.
Негізгі бұл жиынның басты мақсаты-болашақта ұлдардың Қазақстан Республикасының қарулы күштерінің қатарына барғанда психалогиялық-моральдық күйде дайын болуына, әскер өміріне тез бейімделуіне септігін тигізеді. Себебі, осы 5 күн ішінде сол әскердегі тәртіппен өмір сүреді. Басқа аудандарға қарағанда біздің ауданның дәл осы жиынды ұйымдастырып, өткізуін жылда облыс мақтанышпен атап өтеді.Себебі, әскери тәртіпті алға тарта отыра, оқушылар әскери өмірді көруді мақсат еткен жиын болғандықтан арнайы 5 күн қатысушылардың қонып, қатысуы біздің ауданда жақсы ұйымдастырылған. Біз өзге ауданға қарағанда осы жерін ұтымды ұйымдастырып келеміз. Тек белгі үшін емес, нақты істеліп жатырған жұмыс екеніне өзіңіз куәсіз. Осыдан 10 жыл бұрын ашылған бұл жиынның жұмысының дұрыс жолға қойылуына қорғаныс істер бөлімінің сол кездегі басшысы Сүйеубаев Қуаныштың еңбегі зор,-дейді аудандық білім үйлестіру орталығының БӘД бойынша пәнінің әдіскері, далалық оқу –жаттығу жиынының бастығы Руслан Мәдібаев.
Рота командирі Болат Қойшыбаев 5 күндік әскердің казармасымен таныстырдыМилана Елеусінова
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="4415,4413,4416,4410,4419,4423"]