Ағымдағы жылдың 10-шы қарашасында Басқұдық ауылы әкімінің ұйытқы болуымен тұрмысы төмен отбасылардың әлеуметін көтеру мақсатында жеке кәсіпкер Марат Туляковпен бірлесе «Маржан» тұрғын үй массивіндегі «Бейбітшілік» көшесінің тұрғыны П. Алданазароваға және «Жігер» көшесінің тұрғыны жалғызбасты әке С.Рахбановқа әлеуметтік көмек көрсетілді. Аталмыш отбасылардың әрқайсысына азық-түлік пен 20 мың теңге көлемінде қаржылай көмек берілді.
Ауылымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына мол үлесін қосып келе жатқан аталмыш кәсіпкерлердің қайырымдылық істері күн санап артып келе жатқаны қуанарлық жағдай. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады», – делінген.
Тағы оқыңыздар: Құт дарыған Қызылөзен13 қарашада да оң жалғасын тапты. Бұл күні ауыл әкімінің қатысуымен «Алимар Құрылыс» ЖШС-нің директоры Нұрлан Көмеков өзінің бір топ қызметкерлерімен бірге бір күндік жалақыларын жинап, тұрмыстық жағдайы төмен жалғызбасты ана А.Жұматоваға киім-кешек, азық-түлік және тұрмыстық жабдықтар алып берді.
Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайынан тапшылық көрген отбасыларға қаржылай, материалдық қолдау көрсеткен атымтай жомарттарға алғыс білдіреміз.
Әнет КЕМЕЖАНОВ,
Басқұдық ауылы әкімдігінің бас маманы