– Үстіміздегі жылдан бастап «Барлығына кәсіптік және техникалық білім алу» жобасы жүзеге асырыла бастады, – деп хабарлайды Маңғыстау өңірлік коммуникациялар қызметі облыстық білім басқармасына сілтеме жасап.
Өңірдегі 26 колледжде 22 мың студент білім алуда. Оның ішінде 12 836 студент мемлекеттік тапсырыс аясында оқып жатыр. Аз қамтылған отбасында және балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан балаларды оқу орындарына бастапқы емтихансыз қабылдайды. Кадрларды даярлау 91 мамандық және 169 біліктілік бойынша жүргізіледі. Мәселен, тамақтануды ұйымдастыру мамандығы бойынша студенттер кез-келген біліктілікті таңдай алады: аспазшы, кондитер және т.б.
«Өңірде 99 біліктілік мамандықтары бойынша 10 ресурстық орталық жұмыс жасайды. Ресурстық орталық дегеніміз – біліктілікті арттыру, даярлау және кадрларды қайта даярлау бойынша қысқа мерзімді курстар дегенді білдіреді. Бүгінде студенттердің дені темір шебері, жүк ілдіруші, тас қалаушы, жол жөндеуші, электр жабдықтарының маманы, тігін, шаштараз, аспазшы мамандықтары бойынша білім алуда. Барлық орталықтар колледждер жанында жұмыс жасайды. Ақтау қаласының өзінде 4 ресурстық орталық бар. Қалған 6 орталық облыс бойынша, атап айтқан Қарақия ауданы – 1, Жаңаөзен қаласында – 4, Бейнеу ауданында – 1 орталық бар», - деді Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы Зейнеп Тастемірова.
2017 жылы техникалық және кәсіптік оқу орындарын аяқтаған студенттер саны 4550 түлекке жеткен. Олардың 3599 еңбекпен қамтылған.
Тағы оқыңыздар: Аймақта нәресте өлімі 20,4%-ға төмендедіМысалға, 48 студент Жаңаөзен қаласында жұмыс тапқан. Атап айтқанда «Бұрғылау» ЖШС – 5 адам, «Өзен Жылу» ЖШС – 24 адам, «Тазалық» мекемесіне – 5, «Бастау» қонақ үйіне – 2, «Инженерлік техникалық орталық» ЖШС – 5 адам жұмысқа орналасқан. Ө.Тұрмағамбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалдық техникалық колледжі өздерінің оқу қабырғасында білім алған 7 түлегіне «Жаңа серпін» бардарламасы аясында жұмыс тауып берген.
Бейнеу политехникалық колледжін аяқтаған 16 студент ресурстық орталықта білімдерін жетілдірген соң, «Шақ» ЖШС, Айтбаев және Адилаев жеке кәсіпкерлік субъектілерінен жұмыс тапқан.
Сонымен қатар 451 студент қосымша білім алу үшін «Жаңа Серпін» кадрларды қайта даярлау орталығына жіберілген.
Маңғыстау облысындағы 15 оқу орындары мемлекеттік болса, қалған 11 жеке меншік болып табылады.
Колледждерді аккредиттеу кезеңімен жүргізіліп отырады. Жалпы аккредиттеу дегеніміз халықаралық білім беру стандарттарына сәскес болу дегенді растау. Бүгінде колледждерді аккредиттеуден – 5 (19,3%) құрайды, бұл дегеніміз 9,3% жоғары екендігін көрсетіп отыр.
Барлыұ кәсіптік техникалық оқу орындары өздерінің өнімдерін шығарумен айналысады: жәшіктер, орындықтар, гүл қоюға арналған үйкек, тырмалар, күректер, шелектер және тағы басқа құралдар. Көптеген сала бойынша да қызмет түрлерін көрсетеді. Көрсетілетін ақылы қызмет түрінен және өнімді сатудан түскен табыс көзі 30,8 млн.тенгені құрады.
Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов қалалық қызметтерге кәсіптік техникалық оқу орындарында дайындалып шығарылатын өнімдерге сұранысты арттыру ықпал етіп, қажет жағдайда сатып алуды тапсырған болатын. Осылайша, жүргізіліп жатқан ауқымды жұмыстардың нәтижесінде, білім ордаларының өнімдерін өткізуге көмектесіп, аймақтағы коммуналдық қызметтердің сұраныстары қанағаттандырылады.