Түпқараған ауданында халықты жұмыспен қамту бойынша ауқымды іс-шаралар жүргізіліп келеді. Осындай іс-шаралар аясында жуырда аудандық мәдениет үйінің фойесінде «100 нақты қадам» бағдарламасы шеңберінде Қарақия ауданы әкімдігінің және жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді. Іс-шараға ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің орынбасары Қ.Бәйгебаев және Қарақия ауданы әкімінің орынбасары Е.Күмісқалиев пен аудандық жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді.
Шараның ашылу салтанатында сөз алған Е.Күмісқалиев жұмыссыздық мәселелеріне кеңінен тоқталып, ауылда жұмыс істеуге ынталы жастар қатарының жыл санап артып келе жатқанын тілге тиек етіп, «Жұмыспен қамту-2020» жол картасы бағдарламасы туралы кеңінен мағлұмат берді. Және де ұйымдастырылып отырған бүгінгі шараның жастар үшін маңызы зор екеніне тоқталып, өткізіліп отырған шараға жаппай атсалысуға шақырды. Кездесу барысында департамент басшысының орынбасары, Қ.Бәйгебаев қатысушыларды «100 нақты қадам», Ұлт жоспарында көзделген кәсіби мемлекеттік апаратты қалыптастыру және мемлекеттік қызметке жастарды арттыру мақсатында бос лауазымдарды толықтыру жолдарына және де ауданның жұмыссыз жастарына қолдау жасау мәселелеріне тоқталды. Жәрмеңкеге 40-қа жуық жастар катысып, 28 бос орындар ұсынылды. Бос орындар әртүрлі мамандар бойынша, сондай ақ жоғары дәрежелі жұмысшы мамандар бойынша жұмыстар ұсынылды. Бірнеше рет түйіндеме толтырып, жұмыс таппағандар осы жолы тағыда бақтарын сынап көрді. Жұмыс берушілер жәрмеңкеге қатысушыларды өз кәсіпорындарының қызмет ету аясымен таныстырып, жұмысқа қабылдау жағдайларын түсіндірді. Жұмыссыз жүргендер қосымша сұхбатқа шақыртылып, бір тобы жұмысқа орналасатын мүмкіндіктерге ие болды. Жұмыс берушілер түйіндеме ұсынушыларды еңбек біліктілігіне сәйкес осы апта ішінде, әңгімелеуге шақырып тиісті шешім қабылдайтынын айтты. Жәрмеңкеден кейін департамент орынбасарымен ауыл әкімі орынбасары және жұмыс беруші өкілдері жұмыссыздармен кездесу өткізді. Кездесу барысында жастарды жұмысқа орналастыру бойынша бірқатар ұсыныстар айтылып талқыланды.
Тағы оқыңыздар: Ақтаудағы 2017 жылдың ұрпақтарына арналған капсула 1 желтоқсанда ашылады«Көп жағдайда қолдарына дипломдарын алған түлектер жұмыс таба алмай, жұмыссыз жүреді. Бүгінгі шараның басты мақсаты жас мамандардың жұмысқа орналасуына қол ұшын беру. Осы шаралардың арқасында көптеген жастарымыз жұмысқа орналасып, бүгінде өз нәпақасын тауып жүр. Сондықтан бұл жәрмеңкенің жастарға берері мол» деп сөзін қорытындылады департамент басшысы Қ.Бәйгебаев. Жәрмеңке соңында жұмыссыздар жұмыс ұсынушыларға түйіндемелерін қалдырды.
Фариза ХАЙДАРОВА