Түпқараған аудандық жұмыспен қамту орталығына тіркелген 15 жұмыссызды «Нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламасы негізінде «Кәсіпкерлік негіздері» тақырыбында Ақтау қаласында 2 күндік курстан өткізді. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында өткен екі күндік семинар-тренингті бизнес-тренер Еркін Атабаев жүргізді. Осы семинар барысында кәсіпкерлік ашуға ниетті әрі жұмыссыз болып тіркеуде тұрғандар тегін оқуға мүмкіндік алды. Себебі бұл семинардың шығынын «Нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламасын іске асырушы Түпқараған аудандық жұмыспен қамту орталығы көтереді. Форт-Шевченко, Ақшұқыр, Сайын, Қызылөзен ауылдарының тіркеуде тұрған, кәсіп ашықысы келетін жұмыссыздары кәсіпкерлік негіздерін үй реніп, кәсіпті бастау, кәсіпті тіркеу мен жоба жазуды үйренді. Семинар соңында болашақ кәсіпкерлерге сертификат табыс талды.
Өз тілшіміз
Тағы оқыңыздар: Ақтауда терроризмді насихаттады деген айыппен 2 адам жауапқа тартылды