Маңғыстау ауданының орталығы Шетпе селосының сырт жақ бетінде кезінде аудан басшылары ауыл тұрғындарының, осы ауданның тазалығы үшін қоқыс төгетін орын дайындатып, ауыл ақса қалдарымен келісіп, полигон салдырған болатын. Осы полигон салынғаннан кейін бұл орынға кім қоқыс төгіп жатыр, қалай төгіп жатқанымен қарапайым халық бейхабар.
Ай сайын тазалық айлығы жарияланысымен шығарылған тұрмыстық қатты қалдықтар осы орынға төгіледі. Ал қарапайым халық «ай сайын болмаса да үй айналасына тазалық жүргізген кезде шығарған қоқыстарын осы полигонға төгер кезде ешкім қоқыстарын қабылдамайды» деп редакцияға келіп шағымданды. Айтуларынша арнайы орынға төгу үшін мекемеден рұқсат керек екен. Ал бір көлікке нығыздап тиеп алған халық ауыл сыртына шығып кетіп, қайта келіп мекемеден рұқсат алуға бірі ерінсе, бірі ерегесіп, сол жердегі тау-тасқа, сай-салаға қоқыстарын шашып кетеді. Тазалық айлығына ауыл аймақтың гүлденуіне қолғабыс етіп жүрген халықтың еңбегін зая кетіріп, кейбір тұрғындар осындай олқылықтарға барып жатыр. Ал қарапайым халық, мекеме қызметкерлері, қала берді оқушылар олардың бір сағат алатын уақытын үнемдеп, тастап кеткен қоқыстарын тазалаумен әбігерленеді.
Тағы оқыңыздар: Ақтауда терроризмді насихаттады деген айыппен 2 адам жауапқа тартылдыБіз «Маңғыстау жылу, су» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары Е.Күйкішовпен тілдескенімізде: «Арнайы орынға қоқыс төгу үшін рұқсат алу не болмаса арнайы ақы төлеу міндет емес. Қарапайым халық тұрмыстық қатты қалдықтарын төгуге құқылы және қоқысты міндетті түрде сол жердегі адамдар алып қала алады. Бірақ кейбір тұрғындар тұрмыстық емес, құрылыс материалдарының қалдықтарын бір үлкен көлікпен тиеп әкеледі. Ал біз ондай қалдықтарды қабылдамаймыз. Соған реніш білдірген тұрғындар сол жерге, таудың тасасына төгіп, шашып кетеді», - дейді.
Ж. АМАНҚҰЛОВА