27 қазан күні сағат 19:43 шамасында Мұнайлы ауданы ІІб-нің кезекші бөліміне Ақтау-Жетібай тас жолының 40-шы шақырымында жол көлік оқиғасы болғандығы туралы ақпарат түседі. Ақпарат бойынша полиция қызметкерлері жедел оқиға орнына жеткен.
МО ІІД-нің хабарлауынша, сағат 19:40 шамасында «Камаз» (жүк көтергіш кран) автокөлігі мен «Газель» автокөлігі және «SKANIA» маркалы автокөлігі соқтығысып, жөл-көлік оқиғасы орын алған.
Осының салдарынан «Газель» автокөлігінің жолаушысы ер адам оқиға орнында өзіне келместен қайтыс болған. 1977 жылы туылған «Газель» автокөлігінің жүргізушісі алған дене жарақаттарының салдарынан жедел жәрдеммен Маңғыстау облыстық ауруханасына жіберілді.
Оқиға орнына қарау жүргізіліп сызбасы жасақталып, сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.
Жол-көлік оқиғасына қатысы бар жоғарыда аталған 3 автокөлік Мұнайлы ауданындағы арнайы автотұраққа орналастырылды.
Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Фото мен видеоны түсірген Т. ҚҰСАЙЫН
https://www.youtube.com/watch?v=oc3gqaWcwV8&t=11s