©
- Газ мәселесін шешудің бірнеше жолдарын анықтадық. Бұдан былай Маңғыстауда газ мәселесі болмауы керек. Мәселе толықтай шешілді.
Маңғыстау облысы әкімі Ералы Тоғжанов ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Орталық коммуникациялар қызметінде осылай деді.
Біраз уақыт бұрын газдың жетіспеушілігі өңірдегі ең өзекті мәселелердің қатарында тұрды. Аймақ басшысы өңірдегі жанармай бекеттерін аралап, мәселенің мән-жайына қаныққандығын айтады. Әкім жазда газ мәселесінің туындауы туристердің көп келуімен де байланысты екенін ескертті.
Тағы оқыңыздар: Маңғыстау энергия үнемдеуді бастап кетті- Маңғыстауда газ өндіруші және газ жөнелтуші бірнеше компаниялар бар. «ҚазМұнайГаз» компаниясына 5 000 тонна газ, қалған жеке жанармай бекеттеріне 10 000 тонна газ беріледі. Сондай-ақ, мұнаймен айналысатын 2 Қытай кәсіпорны бар, олар 1500 тоннаға дейін газ өндіріп тұрғындарға қолданысқа берілді. Мәселе осылай шешілді, - деді ол.
Бұдан бөлек, малаизиялық кәсіпорын болашақта сұйытылған газды 4 000 тоннаға дейін шығара алады.