Бұған дейін 7292info.kz сайтында «Орамалды оқушылар Жаңаөзендегі білім саласын әбігерге салып жатыр» деген тақырыпта журналист Мұратбай Ұлықпанға берген сұхбатым жарияланды. Онда айтылғандардың бәрі - шындық.
Сұхбат қалың оқырманға ой салды деп ойлаймын. Соның арқасында орамал тартқан оқушылардың ата-аналарына да әсер еткен болар. Олар өз қылығын түсінді. Соның нәтижесінде оқуға қатыспай жатқан 61 оқушының 60-ы жаңа оқу жылының алғашқы айы аяқталмай-ақ оқуына оралды. Енді бір оқушы оқуға келмей жатыр. Оның да ата-анасы түсіністік жасап, перзентін оқуға қатыстырар деп ойлаймыз. Себебі оқығаны баласының өзіне, келешегіне жақсы.
Маңызды тақырыпты көтерген журналист Мұратбай Ұлықпанға шексіз алғыс айтамын. Міне, бұл дәрменді БАҚ-тың пәрменді БАҚ екендігін айқын аңғартады.
Тәттімбет ЖҰМАЛИЕВ, Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің басшысы