©
Мұнайлы аудандық төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері 4 қыркүйек күні аудан аумағында мектеп оқушыларын тасымалдайтын автобустардың жүргізушілермен кездесіп, қауіпті жағдайлардың алдын алу мақсатында үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп және буклеттер таратылып, барлық автобустарға ескертперлер іліндірілді.
2017 жылдың басынан аудан аумағында 25 өрт оқиғасы тіркеліп, соның 11 өрт оқиғасы автокөліктерде орыналып отыр. Автокөліктердегі өртке көбіне токтың қысқаша тұйықталуы себеп болып жатады. Осы жағдайлар жайсыз оқиғаларға, кейде тіпті қайғылы жағдайға ұшыратады. Сол себептен келесі өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауыңызды сұраймыз:
– автокөліктерде барлық кезде өрт сөндіру құралдары болуы тиіс;
– автокөліктерді уақтында техникалық тексерістен өткізіп тұру қажет;
– өрт болған жағдайда (егер көліктің ішінде адамдар болған жағдайда) көліктің қосымша шығу жолдарынан шығаруға, дереу 101, 21-92-01 өрт сөндіру қызметкерлеріне телефон шалып, шақыруға және өз күштеріңізбен өрт сөндіру құралдарымен өртті сөндіруге тырысыңдар.
Тағы оқыңыздар: Ш. Есенов атындағы КМТжИУ жаңа ректоры кім?Айта өтетін болсақ, әрбір автокөліктерде алғашқы өрт сөндіру құралы (огнетушитель) болғаны жөн, себебі өрт сөндіру автокөлігі келіп жеткенше алғашқы өрт сөндіру жұмыстарын атқара аласыз.
А.ЖАНЫЗАКОВ,
Мұнайлы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері,
азаматтық қорғау капитаны