©
Құлағына сырғаларын тағыпты, Кішкентай қыз, Көп көрмеген жарықты...
...Айуандардан ары алып кетуге, Сары суы алақанға алыпты. Сары суы алақанға алыпты, Саусағымен, Екі көзін жауыпты. Құлағына тек сыбырлап қояды: - Алып кетем, Адамдардан қауіпті. Күнмен бірге, Жел де жылап, күрсінді, Естімеді кеудедегі дүрсілді. - Өлді - деген жаман хабар таратты, Жердің өзі қабылдамай бұл шынды: - О, жас сəби! Жас тəніңді су алар, Жəннаттасың! Оқылуда дұғалар. Жалғандағы қорлағандар, Кешікпей, Жасап жатқан ісі үшін сұралар. О, жас сəби! Жас тəніңді су алар. Жəннаттасың! Оқылуда дұғалар. Айтшы Адам, Жаңа келген өмірге, Жас сəбиде қандай ғана кінə бар? Ойнап-күліп өз-өзімен жүр еді, Арам ойсыз, таза жаны, жүрегі. Не бүлдірді? Не істеді? Періште, Айтшы кімге? Жамандықты тіледі. Кім өлтірді? Қайсысыңа жын кірді? Тоқтатыңдар! Доғарыңдар! Қырғынды. Ей, айуан! Қалай өмір сүресің, Өшкененен соң өшпенділік бір күнгі. Тоқтатыңдар! Доғарыңдар! Қырғынды. Көк аспан да қан жылауда қайғыдан, Жел жүрегі қан иісінен айныған. - Мені сүйіп, ыстық күнде күтетін, Сүйіктімнен қалай ғана айрылам. О, жас сəби! Жас тəніңді су алар, Жəннаттасың! Оқылуда дұғалар..
Өлең авторы: Бек Жылқыбаев