©
Үш күнге созылатын Құрбан айт мерекесін түпқарағандықтар биыл да жылдағы дәстүрден жаңылмай атап өтті. Жылдағы дәстүр бойынша аудандағы орталық мешіт ауласында түрлі спорттық шаралар мен ұлттық ойындардан жарыстар ұйымдастырылып, аудан тұрғындарына құрбандық шалу шарттары мен айт меркесін атап өту бойынша жамағатқа түсінік берілді. Сонымен қатар, жылдағы Құрбан айт мерекесіндегі үрдіс бойынша орталық мешіт атынан 1 қой сойылса, жамағат атынан дастархан жайылып, аудан тұрғындары көмегімен 70 үйге құрбандық еті үлестірілді.
Тағы оқыңыздар: ҚР БҒМ жаңа оқу жылындағы өзгерістерді хабарлады