©
Қазақстанда жыл сайын 23 маусымда дәстүрлі түрде Мемлекеттік қызметші күні және Полиция күні аталып өтіледі. Мемлекеттік қызметші күні Қазақстан Республикасы Мемлекет басшысының Жарлығымен 2013 жылы бекітіліп, Қазақстан Республикасының кәсіби мерекелері тізбесіне тиісті тармақ енгізілді. Осы жылы атаулы мерекеге орай мемлекеттік қызметкетшілер арасында конкурс жарияланған еді. Байқау жеңімпаздары Елбасы атынан алғыс хаттар мен марапат белгілеріне ие болады. Айта кетейік, конкурсқа қатысушылардың ең үлкені 62 жаста болса, ең жас қатысушы 26 жаста. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 23 маусым - Мемлекеттік қызметші күні өтеді. Еске сала кетейік, Қазақстанның Президенті «Үздік мемлекеттік қызметші» республикалық конкурсының жеңімпаздарын қабылдаған болатын. 1992 жылғы 23 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» Заң қабылдады. Бұл Қазақстан полициясының қызметі мен міндетін анықтайтын алғашқы құқықтық акт болатын. 2007 жылы 5 маусым күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жарлығымен 23 маусымды - Полиция күні деп бекітті. Айта кетейік, өткен жылы аталған кәсіби мерекеге орай полиция қызметкерлері арасында веломарафон өткізілген болатын.Дереккөз: Inform.kz