©
Бүгін ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаеы халық алдында есеп берді. ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі ҚР Ақпарат туралы заңды қайта қарастырып, онда бірқатар жағдайларға қатысты нақты тармақтар енгізген болатын. Осы заңда әлеуметтік желілерде, БАҚ беттерінде түрлі жағдайда зорланған, құқығы тапталған балалардың болашағын ескере отырып, ондай материалды жарияламау керектігі туралы тармақ бар. Дегенмен, Дәурен Абаев осы мәселеге толығырақ тоқталды. «Балалардың құқығын қорғау бойынша айтатын болсақ, кейде мұны жариялау керек те шығар. Дегенмен әлеуметтік желілерде жариялауға тыйым салатын боламыз. Алайда жағдайдың қалай болғанын жанжақты талқылап, зерттеу жасау негізінде, мұндай мәселелерді жариялау да керек шығар. Сондықтан да біз заңның бір тармағын қалдырып отырмыз», - дейді Дәурен Абаев.Дереккөз: Baq.kz