Түпқараған ауданында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде патрульдік полиция қызметі Ақтау-Ақшұқыр тас жолының 19-шақырымында бекіре балығын тасымалдаған адамды ұстады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Жүргізуші Chevrolet Lacetti автокөлігінде болған. Полиция департаменті баспасөз қызметінің айтуынша, аталған дерек бойынша 34 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ҚК 339-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.
"Сирек кездесетін және жоғалып кету қаупі төнген, сондай -ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін, олардың бөліктері мен туындыларын заңсыз емдеу фактісі бойынша Түпқараған ауданының полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр", - дейді МО Полиция департаментінің бастығы Жанарбек Бақтыбаев.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА