• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жексенбi, 3 Қара. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда «Патриот бол» атты гала концерт өтті...

Маңғыстау облысының әкімі қазақ-өзбек шекарасы аумағында арнайы бажсыз сауд...

Туған өлке тарихын толғаған

Ақтау қалалық мәслихаты хабарлайды...

Ақтауда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті...

    Же­ті­байлықтар даңқына дақ түс­пейді

    [ 2015 ] 28 наурыз, 20:18  |  Экономика

    Әлемге әйгілі «Правда» газеті «...Оңтүстік Маң­ғыс­таудағы Жетібай алаңында  қа­зыл­ған №6 бұрғылау ұңғысынан аса қуатты мұнай фонтаны алынды. Бұл Қазақстанда жаңа мұнайлы Маңғыстау аймағы ашылды деген сөз» деп елден сүйінші сұраған хабар жариялаған еді.

    Содан бері 54 жыл бойы өз даңқына дақ тү­сір­мей келе жатқан «Жетібаймұнай­газ» өндірістік басқармасының бас­шысы Болат Сейтмағанбетовтен Қазақстан Журналистер одағының мүшесі А.Өтегенов өткен жылдың өндірістік қорытындысы мен биыл­ғы жылдың межесі жайлы сұхбат алған еді.

    – Болат Сүлейменұлы! Ұмыт­пасам, сіз­ге облыс әкімдігіндегі бір жиында мемлекеттік награда тапсырғаны есімде қалыпты, ол қандай награда еді?

    – Иә, Маңғыстау облысына – 40, Ақтау қаласына – 50 жыл толуына орай «Ерен еңбегі үшін» медалі ғой...

    – Қай жерде дүниеге келіп едіңіз?

    – Маңғыстау ауданының Тұщы­құ­дық ауы­лының тумасымын.

    – Өмір жолыңыз жөнінде таратып айт­саңыз...

    – Мектепті 1988 жылы бітіріп, 1993 жылы Қазақ политехникалық институтының мұнай факультетіне «мұнай және газ кенорындарын игеру және пайдалану» мамандығы бойынша оқуға түсіп, бітіріп шық­тым. Сол жылы тамыз айында Қаламқас кенорнына №2 мұнай жә­не газ өндіру цехына оператор бо­лып жұмысқа орналастым. Осы цех­та әр түрлі сатылардан өтіп, цех бас­тығы қызметін 1999 жылдан 2005 жылға дейін атқардым. 2005 жылы Жетібай кенорнына қызметімді ауыстыр­дым. Содан бері Жетібай кенорнында қызмет етіп келемін.

    – Енді негізгі тақырыбымызға көшіп, өткен жылды басқарманың қалай қоры­тын­дылағанына келсек...

    – Келелік. «Жетібаймұнайгаз» ӨБ өткен жы­лы мұнай өндіру жос­парын 120 712 тон­наға артық орындап,  2 051 512 тонна межесіне жетті. Мұнай өндірудің жылдық жоспары желтоқсан айы­ның 10-ы күні орындалды. Со­нымен бірге геологиялық-тех­никалық жоспарлар бойынша да барлық көрсеткіштер толықтай орындалды. Жеке-жеке тоқталсақ, жаңа ұңғылардан 109 ұңғы іске қосылып (жоспар 92 ұңғы), қо­сымша 247 429 тонна мұнай өн­дірілді. 76 ұңғыға сұйық­тық қы­сымымен жару жұмыстары (ГРП) жүргізіліп, қосымша 54 364 тонна мұнай өндірілді. Әрекетсіз қор­дан 38 ұңғы іске қосылып, одан 10 552 тонна қосымша мұнай өндіріл­ді. Басқа геологиялық-техникалық шаралар 86 ұңғыда жүргізіліп, қосымша мұнай өндіру 11 719 тонна құрады.

    Сонымен қатар су айдау ұң­ғылары бойынша 27 жаңа  ұң­ғы іске қосылса, 6 ұңғының қабат­тары сұйықтық қы­сымымен жарылды. Және де 14 ұң­ғы әрекетсіз қордан іске қосылып, 80 ұңғыда геологиялық-техникалық шаралар жүзеге асырылды.

    2014 жылы өндіріске енгізілген өзгерістерге келсек көптеген тех­нологиялар бойынша тәжіри­бе­лік-өндірістік сынақтар өткізілді. Мысалы: МАӨЦ-те (ЦППН) хи­миялық реагент-деэмуль­га­торы­ның бірнеше түрі сы­налды және де жақсы нәтижелерге қол жет­кіздік. Ұңғыларға интеллектуальды басқа­ру станциясын қою жұ­мыстары жүргізілуде. 24 ұңғыға экспериментальды клапаны бар сораптар жіберілді. Және де бұл жұмыстар осы 2015 жылы жалғасын таппақ.

    – Мұнайшылардың әлеуметтік мәсе­лелері қалай шешілуде?

    – Біздің «Жетібаймұнайгаз» ӨБ жылма-жыл алдына қойылған мұнай өндіру жоспарын арты­ғы­мен орындап, үнемі биік көрсет­кіштермен алда келеді.Осыған байланысты әр жыл сайын өндірістік нысандарға қоса мұнайшыларға арналған  әлеуметтік  нысандар бой көтеріп, мұнайшылардың тұрмыстық жағдайлары жақ­сарып, табыстары артуда.  Жетібай кенорнындағы құрылыс учаскесінің көмегімен жылма-жыл кенорнындағы бар­лық  өндірістік, әлеуметтік нысандарға бе­кітілген жоспар бойынша ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп келеді.

    Былтырғы жылы Жетібай кенорнындағы мердігер құры­лыс­шылар күшімен біршама ны­сандарға  күрделі жөндеу жұ­мыстары жүргізілді. Атап айтқанда, МЛТЖжТ (УУОЗГ) учаскесі, ПЖПЖ (ПРЦЭО) кең­сесі  және санитарлық блок жай­лары түгелдей (100%) жөн­деліп, төбелері шиферланды. Сондай-ақ меха­ни­калық цехқа толық жөндеу жүр­гізілді. Цехтардағы оператор отыратын бөлмелерге қосымша бөл­мелер (пристройка к ОПБ) салынып, жыл аяғында құрылыс жұмыстары аяқталып, іске қосылды. Олар:  – (ГУ) ТҚ-5, ТҚ-22, УПАН -12. Және қыркүйек айында ТҚ(ГУ)-29 құрылысы тап­сырысқа берілсе, жел­тоқсанда (ГУ) ТҚ-27 құрылысы аяқ­талды. Сонымен қатар құры­лысшыларымыз мұ­найшылар күні құрметі­не жеделдетіп (№2 МГӨ цехы маңында) 250 орындық асхана мен 50 адамға арналған жатақхана құрылысын  бітіріп, іске қосты. Әрине, мұның бәрі АҚ бас­шыларының үлкен жәрдемімен, қолдауымен бітіп жа­тырған істер. Өткен жылдары осы мұ­най­шылар тұратын Жетібай кентінде үлкен спорт кешені және Өнер  мектебі  мұнайшылар есебінен салынған еді.Спорт кешеніне спорт тренажерларын, поселке әкімшілігіне  мектеп (№8,7) балаларын тасы­малдауға 2 автобус және  лас суды, қатқыл қал­дықтарды шығаратын 2 арнайы автокөлік сатып алынып берілді. Жетібай халқына өндірістік Еділ суын тазарту стансасы арқылы арзан бағамен 75868 текшеметр ауызсуы тазартылып берілді. Акционерлік қоғам басшыларының демеуімен біздің мұнайшыларымызға  үнемі  көмек көрсетіліп келеді.

    – Мұнайшы балалары­ның жазғы демалыстарына қан­ша­лықты көңіл бө­лінеді? 

    – Өткен жаз айларында мұ­найшы балалары Ақтау, Ал­маты, Қостанай қала­лары маңындағы сауықтыру орта­лықтарына, сон­дай-ақ Ресей, Грузия жеріндегі демалыс орындарына  барып, демалып қайтты. Жетібай мен Мұнайшы кенттеріндегі  мүжәлсіз отбасылардан 72 баланы «Алау» лагеріне жіберіп, демалдырдық. Ақтау қаласының 4-шағынауданындағы балалар бақшасына 2014 жылы 11 мұнайшының баласын орна­ластырдық. Ал мұ­найшылар өздері ай­лықтарына қоса келісім-шарт негізінде үс­теме ақшаларын алып, қалаған жер­лерінде демалыстарын өткізеді. Кәсіподақ көмегімен кейбіреулері Алматы, Шымкент, Қызылорда қалаларындағы сана­торияларға барып демалады.

    Қоғамымызда болып жатырған сан түр­лі өзгерістерге байланысты мұ­най­шы­ларымыздың рухани, имани болмысын бекіту, адами – патриоттық сезімдерін тереңдетіп, нығайтып мақсатында АҚ бас­­шыларының қолдауымен 2014 жылы танымдық бағыттағы – «Өлкетану» саяхат бағдарламасы жа­сақталған болатын. Со­ның негізінде өл­кеміздің қасиетті жерлері – Шақпақ ата, Сұлтан епе, Есалы, Масат ата, т.б. тәрізді киелі орындарға барып, тарихи жерлерді аралап, мұнайшыларымыз  үлкен  әсермен оралды. Жалпы, былтырғы жылқы жылы  мұнайшылар үшін ең табысты жылдардың бірі болып есте қалары сөзсіз.

    2015 жылға Асар кенорнында жаңадан кешенді құрылыс жұ­мыстарының (жатақхана, ас­хана, спортзал) жоспары жа­сақталуда, әзірге жобалық-сме­талық құжаттары әзір­лену үстінде. Ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспар бойынша өндірістік және әлеуметтік нысандарда  жүргізілуі  керек.

    – Еселі еңбегімен құрметке бө­леніп жүрген мұнайшылар көп шығар?

    – Әрине. «Жетібаймұнайгаз» ӨБ-да көп­­­теген жылдар еңбек етіп, ұжымға бе­делді, сыйлы бол­ған мұнайшылар көптеп саналады және кейінгі жас мамандарға тәжірибесін үйретіп өнеге болып келеді. Солардың алдыңғы қатарындағы аға­ларымыз – С.Би­жанов, Т.Изтлеуов, Қ.До­саев, одан соңғы лекпен – Е.Кушалиев, (АУП); М.Жүсіпов, С.Матаев (ЦДНГ-2); Н.Айтниязов, Н.Сар­­дарбеков (ЦДНГ-1); Қ.Шаханов, І.Таң­жарықов (ПРЦЭО); Н.Са­ғындықов (ЦИТС);  Ж.Аманжолов (ЦПТГиЭГХ) тағы басқаларды атауға болады. Бұлардың қай-қайсысы да шын мәнінде жастарға ұстаз бола білген  өз ісінің нағыз  майталман мамандары.

    Сонымен бірге мұнай өндіру жоспарын орындап, жетістіктерге жетуге қомақты үле­сін қосып жүрген цех басшыларын да ай­та кету керек. Олар: А.Жүзбаев, Б.Құлмұрынов, С.Тас­тығараев, Ғ.Сеңгірбаев, Қ.Жақ­сығатов, Ж.Нығыметов, т.б. Және де өндірістік бас­қарма же­тек­шісінің бірінші орынбасары Б.Сансызбаев бастаған бөлім бастықтары Қ.Бүркітов, Т.Көшкінбаев, Е.Жиенқұлов, С.Те­мірханов, Б.Абыланов, Е.Ку­шалиев, Қ.Абуов, өзге де ин­женер-техник қыз­мет­керлер өн­ді­рісті ұйымдастыруда өздерінің  тә­жірибелігімен, қажырлы еңбек­те­рімен   көз­­ге түсуде.

    - Биылғы жыл межесі жайлы не айтар едіңіз?

    – 2015 жылға 2 108 395 тонна мұнай өндіру тапсырмасы беріліп отыр. Әлемдегі мұнай бағасының түсуінен туындаған қаржы тап­шылығына байланысты біздің де жылдық бюджетіміз едәуір қысқарды. Ұңғылар бойынша өткі­зілетін геологиялық-техникалық ша­ралар едәуір азайтылған. Соған қарамастан осы аталған межеге шығуға жұмыстанамыз. Қалыптасқан жағдайға байланысты, 2015 жылға салынатын әлеуметтік нысандар көз­делген жоқ, тек бар әлеуметтік нысандар­ға ағымдық жөндеулер қарастырылды. Өн­дірістік нысандар ішінде күрделі құрылыс саласы бойынша «Қабат қысымын ұстау жүйесін қайта құрылымдау» нысанын бітіру, «Еділ суын тазалау өндірістік станциясын қайта құрылымдау» кешенінің бірінші кезеңін аяқтау көзделіп отыр. Және де осы аталған жылы Асар кенорнынан №3 жаңа топтық қондырғының құрылысы басталады деп күтудеміз.

    Кенорнының қазіргі таңдағы басты мә­селелері әрекетсіз қордағы ұңғыларды іске қосып, санын азайту, және сол қордан өз міндетін өтеп болған ұңғыларды жою шараларын қарастыру, шағын кенорындарда геологиялық-тех­никалық жұмыстарды күшейту және жұмыс жасап тұрған ұң­ғылардың жөндеуаралық уақытын (МРП) көбейту. Бұл көрсеткіш 2014 жылдың басында орташа 140 тәулік болса, жыл соңында 177 тәулікке дейін көтеріліп, орташа жылдық көрсеткіш - 155 тәулікке қол жеткіздік. Енді алдағы жылда осы көрсеткішті жылдық орташа 180 тәулікке жеткізуіміз керек.

    – Әңгімеңізге рахмет! Дағ­да­­рыстан сүрінбей өтер нә­ти­желі табыстар тілейміз. Же­ті­байлықтар даңқына дақ түс­песін. 

    3602
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    экономика сұхбат маңғыстау жаңалықтары
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Келесі жаңалық

    М.Тұрмағамбетов: Жылына 10 тонна алтын және 3 тонна тазартылған күміс өндіруді көздеп отырмыз

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      «Маңғыстаумұнайгаздың» бүгінгі жағдайы қандай?

      [ 2017 ] 11 сәуір, 06:14
      1755

      Же­ті­байлықтар даңқына дақ түс­пейді

      [ 2015 ] 28 наурыз, 20:18
      3603

      Нұр капитал: былтыр Бейнеуде 5 кәсіпкер 73 млн теңгеге кәсібін бастады

      [ 2019 ] 5 ақпан, 12:55
      1258

      Кәсіпкерлікті дамыту еліміздің экономикасының дамуына жол ашады

      [ 2018 ] 15 маусым, 16:12
      2268

      Кәсіпкердің бір пайыздық несиеге қашан және қалай қолы жетеді?

      [ 2017 ] 30 қараша, 12:49
      1798

      «Нұрлы жер» бағдарламасы жайлы не білеміз?

      [ 2017 ] 18 қаңтар, 09:19
      1418

      Рубрикалар

        ЖарнамаҚызық дерекҚұқықСұхбатАудан тынысыРедакцияДенсаулықМұнайлыФото

      Автордың басқа да жазбалары

      Сабаққа бармаған баласы үшін әкесі айыппұл төледі

      [ 2016 ] 25 ақпан, 20:03
      1895

      Жүзеге асырылған жұмыстар нәтижесін беруде

      [ 2016 ] 25 ақпан, 20:02
      1526

      Өңірдегі баға тұрақтылығына шағын және орта бизнес үлкен рөл атқарып отыр - А. Айдарбаев

      [ 2016 ] 25 ақпан, 19:40
      1394

      Маңғыстау облысында тұрғын үй құрылысы мен инженерлік инфрақұрылымға 16 млрд теңге бөлінеді

      [ 2016 ] 25 ақпан, 19:31
      1416

      Маңғыстау облысында қолжетімді бағада асфальтбетон мен битумды эмульсия өндіріле бастады

      [ 2016 ] 25 ақпан, 19:15
      1877

      Транскаспийлік маршруттың алғашқы контейнерлік пойызы Ақтауға жүрер алдында Баку теңізі портына келді

      [ 2016 ] 25 ақпан, 17:26
      1512

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»