«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 2- тармағының 8-тармақшасына сәйкес табиғи монополия субъектілері үлгілік шарттарға сәйкес реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түріне тұтынушылармен жеке шарттар жасасуы тиіс, яғни «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-мен жылу, сумен жабдықтауға және Энергия беруші ұйымдармен су мен жылу алуға жеке шарттар жасасуға міндетті.
Бұдан бұрын жасалған жылумен, сумен жабдықтау үш жақты шарттарын Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» заңнамасының талаптарына сәйкес келтіру мақсатында Сізден 01.04.2022 жылға дейінгі мерзімде «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-мен екі жақты жылумен және сумен жабдықтау шарттарын жасасуды (қайта жасасуды) сұраймыз.
Жылумен жабдықтау шарттарын ресімдеу үшін тұтынушылар-заңды тұлғалар (ЖШС, АҚ, ЖК) келесі байланыстар бойынша хабарласа алады:
1. ЖШС, АҚ бойынша маман – 564-011, 8 (777) 779 6969, e-mail: mdirr@maek.kz;
2. ЖК, ЖТ бойынша маман – 564-157, 8 (777) 779 9696, e-mail: akaljanova@maek.kz.
«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС әкімшілігі