Маңғыстау облыстық мәслихаты, қоғамдық кеңес туралы үлгілік Ереженің (бұдан әрі – Үлгілік ереже) 5-тармағына сай қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының (бұдан әрі – жұмыс тобы) мүшелігіне конкурс жариялайды. Жұмыс тобының құрамы 9 адамнан құралады: коммерциялық емес ұйымдардан – 6, мемлекеттік органдардан – 3.
Осыған орай коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтар конкурсқа қатысу үшін келесідей құжаттарды пошта арқылы немесе жеке ұсынуға болады:
1) осы Үлгілік ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кандидатураны жұмыс тобының құрамына ұсыну туралы азаматтың өтініші;
2) кандидатураны (бар болған кезде) жұмыс тобының мүшесіне ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы;
3) кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.
Кандидаттар туралы ұсыныстар 2022 жылдың 17 қаңтарынан бастап 2022 жылдың 28 қаңтарына дейін обылыстық мәслихатқа мына мекенжайға ұсынылу керек:
Ақтау қаласы, 14 шағын аудан 1 ғимарат 2-блог, 412-бөлме
Байланыс телефондары: 43-33-04, 43-68-69
Эл.пошта: na.taishyk@mangystau.gov.kz
Маңғыстау облыстық мәслихаты