Маңғыстау облыстық мәслихаты, қоғамдық кеңес туралы үлгілік ереженің (бұдан әрі – Үлгілік ереже) 10-тармағына сәйкес, қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының (бұдан әрі – жұмыс тобы) мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушы ретінде қатысуға, коммерциялық емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатарынан байқаушыларға конкурс жариялайды.
Жұмыс тобының отырысына байқаушы ретінде қатысу үшін байқаушы болуға ниет білдірген адам Үлгілік ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушы ретінде қатысу үшін өтінішті облыстық мәслихатқа 2022 жылдың 17 қаңтарынан бастап 2022 жылдың 28 қаңтарына дейін ұсынады немесе электрондық поштаға жолдайды.
Ақтау қаласы, 14 шағын аудан 1 үй, 2-блог, 412-бөлме
Байланыс телефондары: 43-33-04, 43-68-69
Эл.пошта: na.taishyk@mangystau.gov.kz
Маңғыстау облыстық мәслихаты