«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына және «Ақтау қаласы әкімінің 2019 жылғы 27 ақпандағы №1 «Ақтау қаласында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Ақтау қаласы әкімінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі №5 шешіміне сәйкес Ақтау қалалық мәслихаты жаңа құрылған учаскелік сайлау комиссияларының құрамын құратыны туралы хабарлайды:
Сайлау комиссиялары жеті мүшеден тұратын құрамда құрылады. Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатын сайлау комиссияларынан жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2022 жылғы 20 қыркүйектен бастап 04 қазанға дейін тиісті мәслихатқа мынадай құжаттарды тапсырады:
1) сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар ұсыну туралы саяси партия органының, өзге қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің отырысы хаттамасынан үзінді көшірме, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді көшірме;
2) саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарында тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі;
3) кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініші (өтініштің нысанын мәслихаттан алуға болады.);
4) сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар туралы, бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы электрондық және қағаз форматта жасалған, белгіленген нысандағы мәліметтер.
Әрбiр саяси партия сайлау комиссиясының құрамына бiр кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесi болып табылмайтын кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бiрлестiктердiң және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесi Ақтау қаласы аумағында тұруға тиiс.
Сайлау комиссиясы бiр ұйымның қызметкерлерiнен тұрмауға тиiс.
Сайлау комиссиясының төрағасы, төрағаның орынбасары, хатшысы сайлау комиссиясы құрылғаннан кейін жеті күндік мерзімнен кешіктірмей өткізілетін сайлау комиссиясының алғашқы отырысында сайланады.
Мәслихатқа ұсынылатын қағаз форматтағы барлық құжаттарға қол қойылған, мөрмен расталған болуға және орындалған күнін, орындаушы туралы, оның аты-жөні мен телефон нөмірі көрсетілген белгіні қамтуға тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы жөніндегі ұсыныстарды қабылдау 2022 жылғы 04 қазанға дейін, дүйсенбі-жұма күндері сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін жүзеге асырылады, үзіліс - 12:30-дан бастап 14:00-ге дейін.
Мәслихаттың орналасқан жері: Ақтау қ., 4 шағынаудан, №72 үй.
Жауапты тұлға – Сырлыбаева Меруерт Ысқаққызы, каб. №506, қызметтік телефон: 8(7292) 33-67-81, факс: 33-67-27, электрондық почта мекен-жайы: m.syrlybaeva@mangystau.gov.kz.