mangystaumedia.kz 2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындалған ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына сайлауында Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 2-тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 ҚР Конституциялық Заңының 69-бабына сәйкес тіркелген ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың сайлау алдындағы үгіті туралы материалдарды орналастыру үшін ақы төлеу мөлшері, алаңдар беру шарттары мен тәртібі туралы хабарлайды.
Сайтта алаңдарды ұсыну шарттары mangystaumedia.kz кандидат не оның уәкілетті өкілі мен "Маңғыстау-Медиа" ЖШС арасында жасалған шарт негізінде жүзеге асырылады. Үгіт материалдарын орналастыру туралы шарт жасасу үшін кандидаттың не оның өкілінің "Маңғыстау-Медиа" ЖШС басшысының атына жазбаша өтініші негіз болып саналады. Өтініште үгіт материалдарының көлемі көрсетіледі.
Бұдан басқа, өтініште мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс: кандидаттың тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі; кандидат өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың
көшірмесі; үгіт материалының қағаз және электрондық тасығыштағы мәтіні; жеке куәлігінің көшірмесі; кандидат өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттар.
Үгіт материалдарының мәтіндерін Кандидаттардың өздері әзірлейді. Жариялау тәртібі кандидаттардан жазбаша өтініштер түсу тәртібімен айқындалады. Барлық үгіт материалдарында материалдар қандай қаражаттан төленгені туралы деректер болуы тиіс.
"Маңғыстау-Медиа" ЖШС үгіт материалдарын орналастырудан, егер оларда Қазақстан Республикасының конституциясындағы конституциялық құрылыс негіздерін күштеп өзгерту, республиканың тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табыну, заңнамада көзделмеген әскерилендірілген құралымдар құру идеялары болса, сондай-ақ онда депутаттыққа басқа кандидаттардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпарат бар болса бас тартуға құқылы.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына депутаттарды сайлау кезеңінде үгіт материалдарын орналастыруға арналған баға бойынша ұсыныс mangystaumedia.kz сайтында, сондай-ақ "Маңғыстау-Медиа" ЖШС газеттерінде жария етілген.
Жазбаша өтініштер "Маңғыстау-Медиа" ЖШС Ақтау қаласы, 9-шағын аудан, 42/1 ғимарат мекенжайы бойынша қабылданады.