Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы ҚР Экологиялық кодексінің 96-бабының талаптарына сәйкес «Қошқар-Ата» қалдықтар қоймасын рекультивациялау - 1 кезең (түзету)» жұмыс жобасына «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімі бойынша ашық жиналыс нысанында қоғамдық тыңдаулар өткізеді.
Ашық жиналыс нысанында қоғамдық тыңдаулар өткізіледі:
1) 15 сағат 00 мин. 2024 жылдың 19 наурызында Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылы, Ф. Оңғарсынова атындағы орталық Мәдениет үйінде (Басқұдық, Баянды, Маңғыстау ауылдары тұрғындары үшін);
2) 11 сағат 00 мин. 2024 жылдың 19 наурызында Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы Мәдениет үйі;
3) 11 сағат 00 мин. 2024 жылдың 20 наурызында Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 34 ш/а, Достық үйі.
Жауапты ЖАО:
«Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ, электрондық мекенжайы: 14 ш/а, 1 ғимарат, 243 кабинет, эл. пошта: moup@mangystau.gov.kz, телефон 8-(7292)-46-21-31, ішкі 1210.
Жобаны әзірлеуші:
«Семипалатинскгражданпроект» жобалау институты. БИН 950940001168, Абай облысы. Семей қаласы, Первомайская көшесі, 24А.
Қосымша ақпарат алуға, сондай-ақ көзделіп отырған қызметке қатысты құжаттардың көшірмелерін мына e-mail бойынша сұратуға болады: sempkpi@yandex.ru, тел.: 8-/7222/-322-297.
Жобалық құжаттама пакетімен Бірыңғай экологиялық порталында https://ecoportal.kz/, сондай-ақ ЖАО сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-eco/abour?lang=ru танысуға болады.
Барлық ескертулер және/немесе ұсыныстар, қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде, бірыңғай экологиялық порталда, сондай-ақ moup@mangystau.gov.kz поштасында қабылданады.
Төтенше жағдай және (немесе) шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар енгізілген жағдайда, қоғамдық тыңдаулар онлайн-режимде өткізіледі. Белсенді сілтеме бірыңғай экологиялық порталда және ЖАО сайтында ұсынылатын болады.