Жанұяны жоспарлаудың дүниеге дені сау ұрпақ әкелуге, жанұяның өсіп-өнуіне, отбасылық кикілжіңдердің алдын алуға қосатын үлесі орасан.
19-35 жас аралығы – жүктілік үшін оңтайлы жас. Егер жүктілік бұдан ерте немесе кеш болса босану күрделі болады. Жүктілік арасындағы үзіліс 2-2,5 жыл болғаны дұрыс. Өйткені әйелге келесі баласын өмірге әкелу үшін, өз денсаулығын және болашақ балаларының денсаулығын нығайтуға үлкен мүмкіндік береді. Себебі 2-3 жаста бала өсіп, анасына келесі баласын бағып-қағуына кедергі болмайды және де осы жыл аралығында әйел ағзасы толық қалыпқа келіп, созылмалы аурулары бар болса дер кезінде емдеп, керекті тексерулерден өтіп, гинеколог дәрігермен ақылдасып жүкті болғаны абзал. Босанғаннан кейін баласын 1,5 жасқа дейін емізгені дұрыс. Егер кесар тілігімен босанған болса, онда босану аралығы 4-5 жыл аралығында сақталуы тиіс.
Жүктіліктен сақтану жолдарының көптеген түрлері бар. Олар әйел ағзасына қарай тағайындалады. Өйткені бала сүю мүмкіндігіне шектеу қоятын көптеген аурулар бар. Мұндай ауруларды дер кезінде емдеп, мамандардан үнемі кеңес алып профилактикалық тексеруден өткен дұрыс. Жанұяны жоспарлау, біріншіден, баланың сау тууына, екіншіден, әйел денсаулығын сақтауына, үшіншіден, өмірлік жоспарды іске асыруға қажет. Жоспарламау неге алып келеді? Бұл жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығының қалыптасуына ықпал ететін фактор ретінде жыныстық қатынастықтың ерте басталуы, олардың арасында жыныстық жолдар арқылы берілетін жұқпалы аурулардың көбеюі, сондай-ақ темекі мен ішімдікке әуестігі – қоғамға, болашақта дені сау ұрпақ тууына кері әсерін тигізеді. Ерте жастағы жүктілік қыз балалардың денсаулығына өте қауіпті. Жоспарланбаған жүктілік - тастанды балалар санының артуына себепші факторлардың бірі. Сондай себептерден көптеген әйел жасанды түсік жасатады. Соның салдарынан көптеген асқынулар болады. Сол үшін жанұяны жоспарлау өте маңызды.
Мөлдір БОРАНБАЕВА,
аудандық орталық емхананың психолог маманы
Тағы оқыңыз: Түйе ұрлағандар Бейнеуде ұсталды