"Теңізшевройл" компаниясының әлеуметтік-инвестициялық бағдарламасы аясында Құрық ауылында бірнеше жоба іске асып жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ал "Жарқыра" бағдарламасы аясында бизнесті дамыту бойынша 1 жоба іске асатын болады. Облыс орталығында өткен "Теңізшевройл" компаниясының әлеуметтік-инвестициялық бағдарламасының таныстырылымында Құрық ауылында жүзеге асып жатқан жобалар туралы айтылды.
"Теңізшевройл" мұрындық болған бағдарлама барысында аудандық емхананың дәрігерлері "Қазақстанның отбасы дәрігерлері Қауымдастығы" қолдауымен даярлаудан өтіп, қазіргі уақытта емхананың ішіне жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар, "English for success" жобасы аясында Құрық ауылының мұғалімдері ағылшын тілін жетік меңгеру дайындығынан өтіп жатыр.