• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сенбi, 17 Сәуір 2021

Қосымшалар

Редакция +7 (7292) 20 48 34 hat@mangystaumedia.kz
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

8 сәуір күні Ақтауда ауыз су беру уақытша тоқтатылады...

«Ардагерлерге құрмет»: Бозжыра шатқалына саяхат...

Қайролла Ережепов пен Бітім Кезбаев «Маңғыстау Медиаға» арнайы келді...

Ақтауда тұрғындарды вакцинациялау жүріп жатыр...

«Шеберханадағы бір күн»: Қоғам белсенділері пікір алмасты...

  • USD: 430.39 ₸
  • EUR: 515.52 ₸
  • RUB: 5.68 ₸

Ілкімді істер – өркендеу өрісі

[ 2020 ] 8 ақпан, 09:37  |  Қарақия

Қарақия ауданы әкімі Қ.Бековтің халық алдындағы есеп беру кездесуі өтті. Бас қосуға облыс әкімі С.Трұмов, облыстық, аудандық басқарма басшылары, барлық деңгейдегі халық қалаулылары, жергілікті атқарушы органдар өкілдері қатысты. Алдымен былтыр аудан аумағында атқарылған ауқымды іс-шаралар легі, жемісті жүзеге асқан жобалар жайлы баяндалды. Облыс әкімі С.Трұмов аудан әкімдігіне жүктеген 146 тапсырманың 134-і орындалған. Қалған тапсырмалар бойынша жұмыстар биыл толықтай атқарылмақ.

Қарақия ауданында былтыр құны 1,1 трлн. тең­гені құрайтын өнеркәсіп өнімі өндірілген. Не­гізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 161 млрд. теңгеге теңескен. Аудан аумағында жүргізілген құрылыс жұмыстары облыстағы құрылыс көлемінің төрттен бір бөлігін құрайды. Былтыр 46,3 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылған екен.

Білім – болашақтың басты капиталы

«Былтыр білім саласына 5 млрд. теңге қаржы бағыт­талды. Бұл аудан бюджетінің 37,2 пайызын құрайды. Білім саласын цифрландыру жобасы аясында аудандағы барлық мектептерде «Мектеп Edu» электрондық журна­лы қолданысқа енгізілді. Білім ордалары толықтай кең жолақты ғаламтор желісімен қамтылған. 4 мектепте IT кабинеттер іске қосылды. «Ерсай» компаниясы демеу­шілігімен аудан орталығындағы мектептерге робототех­ника құралдары және жабдықтары сатып алынды.

Ауданға қарасты 15 мектептің 13­-інде ішкі дәретхана бар. Құрық ауылындағы №3 кешкі сырттай жұмысшы

жастар орта мектебінде және Бостан ауылындағы Қа­ рақұдық білім ордаларында ішкі дәретхана мүлдем жоқ. Осыған байланысты биыл жаңа оқу жылында барлық мектептерде ішкі дәретхана орнатылады. Қазіргі таңда мектепге дейінгі 20 ұйымда 1–6 жас аралығында 2024 бала тәрбиеленуде, 3–6 жас аралығындағы балаларды қамту жүз пайызды құрайды» – деді аудан әкімі.

Медициналық құралдар жаңартылды

Былтыр ауданның денсаулық сақтау саласы 8 маман­мен толыққан. Қазіргі таңда 7 дәрігер, соның ішінде хи­рург, дерматолог, онколог, кардиолог мамандары тапшы. Бұл бағытта биыл облыс әкімінің білім гранты бойынша жоғары оқу орнын тәмамдайтын жас мамандар жұмысқа тартылмақ.

«Медициналық ұйымдардың материалдық-­техникалық базасын жақсарту үшін былтыр облыстық бюджет есе­бінен 14 млн. теңгеге ИВЛ аппараты, 2,5 млн. теңгеге фототерапия, 6 млн. теңгеге екі травмотологиялық құрал, 24 млн. теңгеге Жетібай ауылдық ауруханасына транспорттық кювез сатып алынды. Өткен жылы «Нұр капитал» бағдарламасы аясында Жетібай ауылында Е.Есенқосов жеке меншік медициналық клиникасы іске қосылды. Сондай­-ақ ауданның диспансерлік есебінде тұратын тұрғындарға амбулаторлық деңгейде 152 млн. теңгенің дәрі­-дәрмегі тегін берілді», – деп мәлімдеді Қ.Беков.

Аудан әкімінің сөзіне сүйенсек, биыл Сенек ауылдық дәрігерлік амбулаториясы мен Жетібай ауылдық емхана­сы аудандық балансқа алынып, жергілікті бюджет есебінен ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Сонымен қоса Құланды, Жетібай, Мұнайшы ауылдарында жедел жәрдем көліктерінің тозығы жеткен. Осыған қатысты облыстық басқарма тарапынан жаңа көліктерді сатып алу жоспарланып отыр.

Әлеумет әлеуеті – басты назарда

Былтыр аудандағы 529 отбасына 321,5 млн. теңге кө­лемінде атаулы әлеуметтік көмек берілген. 1260 көп балалы ана жәрдемақы алады. Өткен жылы асыраушы­сынан айырылған 619 балаға 12 млн. теңге берілді. Тыл ардагерлері мен мүгедек балаларды емдеу-­сауықтыру мақсатында Маңғыстау облыстық мүгедектерді оңалту орталығында – 16 бала, 12 ересек азамат сауықтыру емін алса, Алматы қаласындағы «Самал» сауықтыру кешенін­ де 66 адам демалып келген.

Жұмыссыздық белең алуда

Былтыр 2662 тұрақты жұмыс орны құрылған. Аудан­ дық жұмыспен қамту орталығына 3073 адам жүгінген. Оның ішінде 2059 адам әлеуметтік қорғау шаралары­на қатыстырылып, 952 адам тұрақты жұмысқа ор­наластырылған. Қысқа мерзімді кәсіптік оқуға барлығы 125 адам жолданып, оның 103­-і оқуын аяқтап, сер­тификатқа қол жеткізді. Ал оқуды аяқтағандардың 34-­і қызметке орналасты.

«Өздеріңізге мәлім тапсырыс көлемі азаюына байла­нысты «Ерсай» компаниясында жұмысшылар қысқарып жатыр. Бүгінгі таңда ауданның 644 азаматы жұмыстан босады. Осыған орай «Теңізшевройл» ЖШС мерді­гер компаниялармен жүргізілген келіссөздер аясында ауданның 43 азаматы «CCEP» компаниясына жұмысқа орналасуға тестіден өтті. Сондай­-ақ «Құрық порты» компаниясына қарасты «Қыран» күзет агенттігі 18 адам­ды жұмысқа қабылдауда. Ауданның 79 жұмыссыз жасы «Теңізшевройл» компаниясы қолдауымен монтаждау­шы, дәнекерлеуші, ілмекші және электромонтаждаушы мамандықтарына оқытылды», – деп атап өтті аудан әкімі.

Кәсіп түбі – нәсіп

Өткен жылы ауданда 2 242 кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Бүгінгі күні 2135 жұмыс жасап тұрған кәсіп керлік субъектілерінде жұмыспен қамтылған азаматтар саны төрт мың­ға жуықтады. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша ауданның 50 азаматы 192,2 млн. теңге мөлшерінде төменгі пайыз­бен несие алды. Нәтижесінде 58 жұмыс орны құрылды. Соның ішін­де 39 азамат «Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау» қорынан, 11 адам «Атамекен Микро Қаржы» серік­тестігі арқылы несие алған. Өңірде жүзеге асырылып жатырған «Нұр капитал» бағдарламасы аясында 2019 жылы құны 78 млн.теңге құрайтын 4 жоба несие алып, 7 адам жұмыспен қамтылды.

Баспана жайы – өзекті

Аудан бойынша тұрғын үй кезегінде 1 038 азамат тұр. «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында аудан бойын­ша «толық емес отбасы» санаты бойынша 28 жолда­ма, көпбалалы отбасы санаты бойынша 21 жолдама, мүмкіндігі шектеулі отбасы санаты бойынша 16 жол­дама, барлығы 65 жолдама беріліп, орың ішінде 11 аза­мат «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы несиеге тұрғын үй сатып алды. Сондай­-ақ Жетібай ауылында ескі барак типтес тұрғын үйлерден халықты көшіру мақсатында 72 пәтерлі 3 қабатты екі жалдамалы тұрғын үй салынуда.

Маңызды мәселелер – қызу талқыда

Бостан, Құланды және Мұнайшы ауылдарындағы ауылішілік жолдарды салу бастапқы кезеңіне жергілік­ті бюджеттен 50 млн. теңге қарастырылған. Сондай-­ақ былтыр Қызылсай–Сенек бағытындағы автожолға жөн­деу жүргізу үшін 344,6 млн. теңге бөлінген. Жетібай ауылының ауылішілік автокөлік жолдарын салуға ЖСҚ жасақтау үшін бастапқы 1 млн. теңге бөлінген. Бұдан өзге Құрық ауылының жаңа шағын аудандарын ғаламтор желісімен қамтамасыз ету мақсатында былтыр «ANT Technology» ЖШС-­мен келіссөздер жүргізіліп, олардың инвестициялық жобасы аясында Құрық ауылын­да талшықты­-оптикалық байланыс жүйесін жүргізу үшін қызмет көрсету туралы келісім шарт жасақталған.

Тұрғындар тілегі тыңдалды

Есептік кездесуде аудан тұрғындарының талап­-тілегі мұқият тыңдалды. Көгілдір отын бағасына бақылау ор­нату, тұрақтандыру әрі реттеу, жұмысқа орналасу, кәріз жүйесі туындатқан қолайсыздық, ауыз сумен қамту, денсаулық сақтау нысандарына күрделі жөндеу жүргізу секілді өзекті мәселелер қызу талқыға салынды. Мәселе мәнін жете түсініп, жіті назар салған облыс әкімі аудан тұрғындарының сауалдарына жеке тоқталып, байып­пен саралай түсіндірді. Биылдан бастап халық саны екі мыңнан асатын ауылдардың дербес бюджеті бекітіліп, жаңа есептілік бюджет жүйесі қалыптастырылады.

«Халықпен кездесіп, мұң­мұқтажын, талап­-тілегін тыңдау – біздің қызметтің маңызды бөлігі. Аудан да­ муына қажетті өзекті сауалдар қозғалып жатыр. Биылға жасақталатын жоспарда осы дүниелер қамтылатын бо­лады. Әрине, атқарылған жұмыстар өте көп. Мәселелер де жетерлік. Басты мәселе – аудан бюджетін тиімді жоспарлау. Ағымдағы және даму бюджеті деген бюд­жет бар. Жергілікті, облыстық және республикалық деңгейдегі бюджет бар. Біздің негізгі міндет – осы бюд­жетті ашықтық қағидатына сәйкес талқылау. Халыққа ең қажетті іс-­шараларды атқаруға бағытталуы тиіс», – деді облыс әкімі С.Трұмов.

Өңір басшысы аудан тұрғындарын ауыз сумен қамту мәселесін шешу жолдары жайлы баяндады.

«Өткен жылы теңіз суын тұшыту қондырғысын орна­ту жобасы жасақталған еді. Бұл жобаны жүзеге асыруға инвестор қаражаты қажет. Сондықтан бұл жоспарды іске асыру әзірше мүмкін болмай тұр. Десек те халықты ауыз сумен қамтамасыз етуіміз қажет. Су айдайтын қондырғылар жұмысын көрдік. Ол – кейбір мәселелерге байланысты бітпей қалған жоба. Енді су жинайтын қондырғы қою, суды уақытылы жеткізу және көлемін арттыру үшін құны 107 млн. теңгені құрайтын жаңа жоба жасақталады. Бұл қаражатты облыстық бюджеттен бөлу қарастырылуда. Кәріз жүйесіне байланысты 300 млн. теңге көлемінде жоба жасақталуда. Кәрізден шыққан сарқынды суларды тазалау үшін арнайы қондырғы орнату қажет. Ол үшін қайта есептеулер жүргізуге тиістіміз. Әри­не, бұл мәселе жіті бақылауымызда. Облыстық деңгейде, әлеуметтік желілерде жиі көтеріліп жүрген мәселелердің бірі. Бұл жағдай – санитарлық жағынан да, адам өміріне туғызатын қауіп тұрғысынан да өте өзекті. Жиынға келер алдында өзім көрдім. Сарқынды сулар қоршалуы тиіс. Аудан әкіміне сарқынды суларды қоршау, қажет болса бақылаушы қою жөнінде тиісті тапсырмалар жүктелді», – деді облыс әкімі.

Сонымен қоса өңір басшысы ауыл шаруашылығындағы кәсіпкерлік қызметті мемлекет тарапынан қолдау маңызы жөнінде атап өтті. Ірі кәсіпорындардың сапасы жоғары, бағасы қолжетімді жергілікті өнімдерге сұранысын арт­тыру шағын және орта бизнесті дамытуға соны серпін берерін ескерді. Бұдан өзге облыс әкімі ауыларалық және ауылішілік жолдарды салу, күрделі және орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу кезең-­кезеңімен қажет етіл­се республикалық бюджет есебінен іске асатындығын мәлімдеді.

Есептік кездесуде өңір басшысы көгілдір отын бағасын тұрақтандыру мәселесіне де тоқталды.

«Атқарылған нақты іс­-шаралар нәтижесінде Ақтөбе мен Атырау қаласынан газ тасымалданып тұр. Қазіргі таңда электронды сауда айналымына шығару бойынша мәселе туындап отыр. Біз көгілдір отынды үлестіруде қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес әрекет етуіміз қажет. Облыс аумағында 305 газ құю стансалары бар. Күні бүгін тек 150­-ден аса газ құю бекеттері жұмыс жа­сап тұр. Ақтөбенің газын ешкім сатып алғысы келмей­ді. Біз барлық газ құю стансаларын газбен қамтамасыз ете алмаймыз. Электронды сауда айналымына қатысып алған адамдарда газ бағасы – әлеуметтік бағамен са­лыстырғанда жоғары. Осыны ескеру қажет. Бірақ қазіргі таңда газ бағасына шектеу қойылып бақылауда тұр», – деді С.Трұмов.

Қарақия ауданы әкімінің халық алдындағы есептік кез­десуінде аудан тұрғындары өздерін толғандырып жүрген сауалдарына осылайша тұшымды жауап алды.

Голрох ЖЕМЕНЕЙ

1949
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Аудан тынысы Қарақия
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Биыл қарақиялық 220 отбасыға АӘК тағайындауға 100,3 млн теңге бөлінген

Келесі жаңалық

Биыл Құрық ауылында 5 әлеуметтік жоба іске аспақ

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Сыбайлас жемқорлықпен күрес - ортақ парыз

    8 сәуір, 17:51
    494

    Қарақия кәсіптік колледжінде "Worldskills Aktau-2021" чемпионаты өтті

    5 сәуір, 11:32
    457

    Жетібай ауылының тұрғыны құсбегілікпен айналысады

    26 наурыз, 14:40
    809

    Қарақия аудандық ардагерлер үйіне күрделі жөндеу жүргізілді

    25 наурыз, 10:08
    779

    «Қарақия аруы - 2021» аудандық байқауы өтті

    17 наурыз, 09:42
    1037

    Жабайұшқан

    13 наурыз, 16:50
    1271

    Рубрикалар

      Редакция Редакция газеттері Түпқараған Мәселе Саясат Жастар беті Жарнама Әдебиет Қызық дерек Мәдениет Сұхбат Жаңалықтар

    Автордың басқа да жазбалары

    Қоғамдық тыңдаулар өтеді

    Кеше 15:02
    67

    Маңғыстауда кеше 35 адамнан коронавирус анықталды

    Кеше 09:47
    154

    Ақын Есенғали Раушанов өмірден өтті

    Кеше 09:40
    189

    Президент еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді

    15 сәуір, 17:18
    147

    Президент Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрін қабылдады

    14 сәуір, 16:23
    180

    Маңғыстауда жыл басынан бері 31 экологиялық құқықбұзушылық анықталды

    14 сәуір, 15:39
    253

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    mangystaumedia.kz сайтында «Маңғыстау Медиа» ЖШС аясында шығатын облыстық «Маңғыстау» газеті, сондай-ақ қалалық «Жаңаөзен», аудандық «Жаңа өмір», «Рауан», «Ақкетік арайы», «Қарақия», «Мұнайлы» газеттерінде жарияланған материалдар беріліп отырады.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Яндекс.Метрика

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»