Бүгін Қарақия ауданының әкімі Қ. Беков "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсының жүлдегерлері Қошқарбай Мәтіков пен Ерлан Тәжібаевтың отбасын марапаттады.
Конкурс лауреаттарына облыс әкімінің атынан диплом мен 100 мың теңге көлемінде сертификат табысталды. Ақшалай сыйақы Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының әлеуметтік тапсырысы аясында ұйымдастырылған болатын. Алайда, конкурсқа қатысқан екі отбасы да алған сыйлықтарын қайырымдылық шараға арнайтынын айтты.
Айта кетейік, өнегелі құндылықтарды және отбасы мен некенің жағымды бейнесін санаға сіңіру, отбасы мәртебесін арттыру мақсатындағы "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсы елімізде 2013 жылдан бастап ұйымдастырылып келеді.
Шынар Кендін