Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Мұнайлы аудандық пробация қызметі есебінде тұрған тұлға түзеу мекемесіне қайта оралды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Мұнайлы аудандық сотында аудандық пробация есебінде тұрған ҚР ҚК-нің 346-бабымен сотталған С.-ның ісі қаралды. Ол бірнеше ескертулер алып, тәртіп бұзған, яғни белгіленген уақытта үйінде болмаған, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.
Соттың қаулысымен сотталған С.-ға қатысты бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген мерзiмi 9 ай 14 күн мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi жазамен ауыстырылды.