«Таза Қазақстан» акциясы аясында Атамекен ауылындағы Кіші Оймашы көлінің маңы қоқыстан тазартылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Көл маңындағы тазалық жұмысына аудан әкімдігінің құрылымдық бөлімдері мен ауданға қарасты мемлекеттік мекеме қызметкерлері, Атамекен ауылдық округінің әкімдігінің қызметкерлері, AMANAT партиясы Мұнайлы аудандық филиалының мүшелері, жалпы 50-ге жуық адам қатысты. Сенбілікте 8 тоннадан астам қоқысты шығарылды.
⁃ Оймашы көлінің маңы ашық алаң болғандықтан, құрылыс қалдықтарын тастау фактілері жиі орын алады. Біздің негізгі жоспарымыз - иесіз жерге қоқыс тасталуына жол бермеу. Біз тазалап жатқан аумақ 2 гектарды құрайды. Тазалық акциясына қатысқан азаматтардың көмегімен 8 тоннаға жуық қоқыс сыртқа шығарылды. Ауыл тұрғындарын да осындай тазалық шараларына атсалысуға шақырамыз - деді Атамекен ауылының әкімі Ерлан Қайнаров.
Аталған акция аудан бойынша бір уақытта 5 жерде жүргізілді және алдағы уақытта да жалғасады.