Кезекті “Ксенон” және “мас жүргізуші” рейді барысында ақпан айының алғашқы демалыс күндері барлығы 149 жол-көлік ережесін бұзу фактісі анықталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz аудандық ПБ-ға сілтеме жасап.
Мұнайлы аудандық патрульдік полиция ротасының қызметкерлері “Toyota”, “Subaru”, “Daewoo Nexia” маркалы автокөліктерді тоқтату барысында, жүргізушілер көлікті мас күйінде жүргізгендігі анықталды.
Тәртіп сақшылары оларды наркологиялық сараптамадан өтуге жіберіп, оның нәтижелері бойынша мас болу дәрежесі анықталды.
Тәртіп бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабына сәйкес іс қозғалып, көліктер айыптұраққа жабылды.
Оған қоса рейд кезінде көлік құралын құралын басқару құқығы мүлде жоқ 11 жүргiзушiнiң автокөлік басқарғаны белгілі болып, ҚР ӘҚБтК-нің 612 бабы 2бөлімі бойынша хаттама жасақталып, көлік құралдары айыптұраққа жабылды.
Одан басқа ҚР ӘҚБтК-нің 591, 593, 595, 599, 590, 600,606,610, 615, 230 баптары бойынша заң бұзушылықтар анықталды.
Өзге де заң бұзушылықтар бойынша 24 жүргізуші ұсталды.
Өз кезегінде Мұнайлы ауданының полицейлері жүргізушілерге абай болу және жол ережесін бұзбау қажеттігін ескертеді.
Жылдамдықты асырмаңыз, қарсы жолға шықпаңыз, маневр жасау ережелерін бұзбаңыз және ең бастысы мас күйде көлік құралын басқармаңыз!