Бүгін елімізде Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтуде.
Аудан тұрғындары арасында жасы үлкен қариялар да ел болашағы үшін сайлауға белсенді қатысуда. Осындай жанның бірі – №176 сайлау учаскесінің сайлаушысы, 84 жастағы ардагер ұстаз, Маңғыстау ауданының Құрметті Азаматы Санақбай Тілегенов.
-Негізі сайлаумен біздің өмірімізді көп дүние байланыстырады. Сайлау ол елдің болашағы, сайлау ол ұрпағымыздың алаңсыз өмір сүруі. Сайлау бұл – демократиялық қоғамда өмір сүретін адамның жеке таңдауын білдіретін таңдау құқығы. Сондықтан, еліміз үшін осындай маңызды саяси науқандардың ешқайсысынан қалыс қалмау керек деп есептеймін. Әлбетте, көп адамдар секілді үйде отырып дауыс беруіме де болатын еді. Алайда еліміздің ертеңі үшін сайлау учаскесіне өз аяғыммен келгенді жөн деп таптым. Өйткені бұл сайлау еліміздің болашағын айқындайтын саяси науқан екені даусыз. Сондықтан да одан қалыс қалуға болмайды. Еліміз аман болсын», - дейді ардагер ұстаз.