Маңғыстау ауданына қарасты Жыңғылды ауылындағы сайлау учаскесінде дауыс беру қарқыны жоғары.
Жыңғылды ауылының тұрғыны 101 жастағы Ақілгек Құлбарақова бұл жолы да өз таңдауын жасады. Президент сайлауында да әжеміз сайлаудан қалыс қалмады. Саяси шарадан толыққанды хабардар, тіпті жүрегіне жақын кандидатты да таңдап қойған. Бүгінгі сайлауда өз даусын беріп, шаңырағына енген ұл-қыздарға ақ батасын арнады.
Назарларыңызға салсақ, аталған ауылда арнайы тәртіппен жасы үлкен және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жылжымалы сайлау жәшіктері тасымалдануда.