Бейнеу ауылының азаматтары жолға шыға алмай, тоқтап тұрған жүргізушілерге ыстық тамақ пен шай-су таратып жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жүргізушілерге көмек көрсетуді ұйымдастырғандардың ішінде ауданның қазіргі және бұрынғы әкімі, полиция бөлімінің бастығы бар.
- Сай-Өтес-Ақтау жолы жабық, «Ман ата» жолы көктайғақ болған соң жолға шыға алмай, Бейнеуде тоқтадық. Ауылдың жігіттері ас-суымызды әкеліп жатыр. Рақмет, - дейді жүк көлігінің жүргізушісі.
Бейнеу ауданы – тоғыз жолдың торабы. Ауыл үстінен еліміздің басқа өңірлерінен, көрші елдерден келетін жүк көліктері өтеді. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты Бейнеуде тұрып қалған көлік саны өте көп.
Облыста республикалық маңыздағы тас жолдарда көктайғақ. Сол себепті құзырлы органдар жүргізушілерден аса қажет болмаған жағдайда жолға шықпауды сұрайды.
Махаббат Нұржанқызы