Маңғыстау ауданы әкімі Т.Көшмағанбетовтың жиын сайын көтеріп жүрген негізгі мәселесі аудан аймағын қоқыстан тазарту болатын. Бұл мәселе жүзеге асты десек те болады. Өткен аптада кең көлемде тазалық жұмысын ұйымдастырған аудан әкімі Т.Көшмағанбетов халықтың ыстық ықыласына бөленді. - Табиғатты таза ұстап, оған мейіріммен қарау — әрбіріміздің міндетіміз. Аз ғана уақыттың ішінде Шетпе ауылының Мақаш көшесіндегі бұрынғы «АТП» мекемесінің жан- жағындағы шашылған қоқыстар, Ащыбұлақ шағын ауданындағы шұңқырлар және орталық көшедегі 16 үй мен 10 үйі аралығындағы тұрмыстық қалдықтар тазаланып, полигонға төгілді. Алдағы уақытта да тазалық жұмыстары өз жалғасын табатын болады, - деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Өз тілшіміз