©
Жақында Қарақия ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында Маңғыстау облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция майоры Жанар Сағидуллақызы мен аудан әкімі Қыдырберді Бековтің қатысуымен 2018 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстарды қорытындылау бойынша жедел кеңес өтті. Жедел кеңеске Маңғыстау облыстық полиция департаменті штаб басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Эдуард Қуанаев, аудан әкімінің орынбасары Ержан Көпжасарұлы, Қарақия ауданының прокуроры Берік Бүркітбаев, ауыл әкімдері, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі мен ішкі істер бөлімінің басшылары және қызметкерлері қатысты. Қарақия ауданының полиция бөлімінің қылмыспен күрес, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатындағы 2018 жылдың 12 айындағы жедел-қызметтік жұмыстарының қорытындысы туралы баяндаған Қарақия ауданының полиция бөлімі бастығы Жанғабыл Бекмолдаұлы: «Қарақия аудандық полиция бөлімімен 2018 жылдың 12 ай ішінде аудан аумағында қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстардың нәтижесінде тіркелген жалпы қылмыстардың саны 219-дан 219-ға теңесіп, олардың ашылуы 85,0% құрады (2017 ж - 79,1%). 2018 жылы 192 қылмыс ашылған болса, 2017 жылы 182 қылмыс ашылған. Ауыр қылмыстар саны 29,4% немесе 5 дерекке (17-ден 12-ге), орта дәрежедегі қылмыстар саны 9,1% немесе 10 дерекке (110-нан 100-ге) төмендеген. Сонымен қатар адам өлтіру дерегі 33,3% (3-тен 2-ге), жалпы ұрлық дерегі 11,6% (95тен 84-ке), оның ішінде пәтер ұрлығы 41,2% (17-ден 10-ға), автокөліктен ұрлау дерегі 50% (2-ден 1-ге), ұялы телефон ұрлығы 55,6% (9-дан 4-ке), ұсақ-түйек ұрлау дерегі 44,4% (9-дан 5-ке), қарақшылық 100% (1-ден 0-ге), мас күйінде қылмыс жасау дерегі 6,3% (32-ден 30-ға), топ болып жасалған қылмыс саны 19,4% (31-ден 25-ке) және атыс қаруымен жасалған қылмыс 50% (4-тен 2-ге) төмендеген. Полиция қызметіне келіп түскен арыз-шағымдар уақытылы қарастырылып, ол істер бойынша тиісті шаралар атқарылуда. Көптеген қылмыс түрінің саны төмендеді. Бұл бағытта жұмыстарды қарқынды жүргізуге уәде береміз», - деді. Сондай-ақ жедел кеңесте полиция подполковнигі Мэльс Алхамов, полиция капитаны Дәуренбек Өткілбаев, полиция майоры Асхат Дүйсенгалиевтердің баяндамалары тыңдалып, талқыланды. Жиын барысында атқарылып жатқан жұмыстар жайы сөз болып, тәртіп сақшыларының жұмысына қатысты сын пікірлер мен ұсыныстары айтылды. Кеңес отырысын қорытындылаған облыстық департамент бастығының орынбасары, полиция майоры Жанара Иргалиева жалпы 2018 жылы атқарылған жұмыстарға қанағаттанатындығын білдіріп, алдағы уақытта құжаттардың дұрыс рәсімделуіне, азаматтардың қандай да болса арыз- шағымдарын уақытылы қаралуын, сондай-ақ, қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды болдырмауға, олардың алдын алуда кешенді жұмыстардың атқарылу қажеттілігі қатаң ескертті.Фариза ХАЙДАРОВА