Ақтау қаласының 55 жылдық мерейтойына орай «Мерейлі мекен Мұнайлыдан – Ақмаржан қала Ақтауға» деген атпен Мұнайлы ауданының мәдени күні өткен болатын.
Мерекелік шара Ақтау қаласының әкімі Ғалымжан Ниязов, Мұнайлы ауданының әкімі Нұрлан Тәжібаев пен аудан ақсақалдары мен активтері, ауданның әлеуметтік, мәдени, саяси өмірінің дамуына үлес қосып жүрген азаматтар қатысқан жиыннан басталды.
Бұдан соң мұнайлылықтар облыстық сәбилер үйі мен облыстық балалар ауылында қайырымдылық акцияларын ұйымдастырды.
Кешкісін теңіз жағалауындағы дала сахнасында Ақтаудың 55 жылдық тойы үшін Мұнайлы ауданының өнерпаздары арнайы әзірлеген концерт өтті. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін Мұнайлы ауданының Есенбай Құли бастаған өнерлі азаматтары мен жастары әннен шашу шашты.
Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="61382,61383,61378,61381,61380,61379,61377"]