«Ақкетік арайы» газеті туралы

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады. Маңғыстауда баспа тәсілімен басып шығарылған алғашқы газет 1931 жылы «Жаңа жұртшылық» деген атпен Форт-Александровск баспаханасында 800 дана таралыммен айына 10 рет шығып тұрыпты. Оған уақытында Ж.Сәрсенбин, Ғ.Нұрымов, Ж.Қызылбаев, т. б. белгілі азаматтар редакторлық еткен. Кеңес өкіметінің 30-жылдардың басындағы саясатына орай газеттің атауы 1933 жылы «Колхоз жолы» деп өзгертілсе, 1958 жылдан бастап «Ленин жолы» деп аталды. Осы атпен газет 1963 жылға дейін шығып тұрды да, Форт-Шевченко ауданы таратылған кезде жабылып қалды. Қазіргі біздің «Ақкетік арайы» – осы 85 жылдай тарихы бар басылымның жалғасы, ізбасар мұрагері.

Тәуелсіздік таңы атқан жылдан бері 2002 жылдың 7 маусымынан ауданда «Түпқараған жаңалықтары» атымен 1000 дана таралыммен облысқа белгілі журналист Есберген Іңірбай редакторлығымен қайта жаңғырған жеке меншік газет шыға бастады. Аудандағы баспасөзді реттеу жөніндегі қаулыны басшылыққа алып, сонымен қатар, көп үзіліспен аудан баспасөзінен қол үзіп қалған аудан жұртшылығы сұрауымен ауданда 2004 жылдың 16 ақпанынан бастап «Ақкетік арайы» атауымен 1000 дана таралымда жоғарыдағы журналист Есберген Іңірбай редакторлығымен қоғамдық-саяси басылым болып қайта құрылып, бүгінге дейін өз оқырмандарын тұрақты айдарлары мен қосымша беттеріндегі арнайы жарияланымдарын ұсынып қуантып келеді. Сол уақыттан бері қарай газетте Есберген Іңірбай, Мұқанбетулла Кемер, Айсағали Қыдыр, Милана Елеусінова, Жадыра Жолдасова тәрізді журналистер редакторлық етті.

Бүгінде «Маңғыстау–Медиа» ЖШС-на қарасты аудандағы газет редакциясы өзінің 1500-дай оқырманына әр апта сайын жаңалықтарын ұсынып келеді.

Редактор өмірбаяны

Милана Елеусінова Аминқызы 1984 жылы 26  қарашада Атырау қаласында дүниеге келді. л-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетін тәмамдаған. Студент болып жүріп, журналист мамандығының теориясы мен тәжірибесін ұштастыру мақсатында Республикалық «Жас алаш» газеті, халықаралық республикалық «Студент» газеті, облыстық «Маңғыстау» газеті, аудандық «Ақкетік арайы» газеттеріне публицистикалық шығармалары мен өлеңдерін мерзімді басылымдарға жариялап тұрды. Халықаралық «Қазақстанда жасалған» журналында жарияланымдары мен «Тұмар» республикалық журналдарында сұхбаты жарық көрді. «Спорт-достық дәнекері» атты журналға жетекшілік жасап, орынбасары болды. Тұрмыста, жолдасы – Сарбасов Абзал Сайлаубайұлы, 1984 жылы туған,  оператор. 4 баланың анасы.
Милана Елеусінова – Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі; 2011 жылы  Маңғыстау облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
2011 жылы мамыр айында  Астана қаласында өткен «Бас редакторлар» форумы,  2011 жылы тамыз айында облыс атынан ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Қаламгер–Азамат» жас тілшілер IV халықаралық форумына, 2011 жылы қазан айында облыс журналистері атынан ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «V Азаматтық Форумға» қатысып қайтты.
2012 жылы Маңғыстау облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен ҚР Тәуелсіздігнің 20 жылдығы турлы жарияланған үздік материалдар конкурстың «Азаматтық белсенділіктен бақуат өмірге» номинациясы бойынша марапатталды.
2006 жылы Түпқараған аудандық «Мәдениет үйі» МКҚК-да режиссер-сценарист, 2007 жылы қыркүйек айынан бастап Түпқараған аудандық «Ақкетік арайы» газеті редакциясы МКК-да тілші, 2008 жыл наурыз айынан бастап Түпқараған аудандық «Ақкетік арайы» газеті редакциясының бас редакторы, МКК басшысы қызметіне тағайындалды
Түпқараған аудандық «Мәдениет үйі» МКҚК-да 1978 жылы құрылып, халықтық атауын 2 мәрте қорғаған «Ақ желкен»  үгіт керуеніне 2007 жылда жетекшілік етті

«Ақкетік арайы» газетінің қазіргі құрамы:

"Ақкетік арайы" газеті туралыМилана Елеусінова – Бас редакторы