Редакция телефондары:
+7 (7292) 20 48 34
Почта: hat@mangystaumedia.kz
Кезекші журналист: +7 (771) 362 41 97

Қала өмірінің айнасы іспеттес «Жаңаөзен» газеті қай уақытта да қала мен оған іргелес орналасқан ауыл-аймақтардың тыныс-тіршілігін паш ететін ақпарат көзі ретінде рөл атқарып келеді. Оның қатпар-қатпар тігінділерінен әрқашан Маңғыстау облысына қарасты «Жаңаөзен» қаласының кешегісін, әр дәуірдің бедерлі бейнесін көреміз.

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады. Алғашқы күннен-ақ басылым бетінен орын алған мұнайлы өңір өмірінде болып жатқан мәдени және рухани өзгерістер, экономикалық-әлеуметтік саладағы және басқа да жаңалықтар оқырман көңілінен шығып отырған.

Басылымның алғашқы редакторы Мейрамбай Қибасов, одан соң А.Айдаров, Т.Жакешова, М. Ұлықпан секілді өзіндік қолтаңбасымен ел есіндегі қаламгерлер бас редакторлық етті. Қаламы ұшқыр журналистер Жоламан Айдарбаев, Темір Мыңжас, Ағиба Қатешова, Еркеш Нәрембаева, Талант Құсайынов, Закария Исағұлов, Мәлік Әндірғалиев, Игорь Левгеров, Марина Кодзоева, Базар Ботабаев, Таңсұлу Жакешова, Мұратбай Ұлықпан, Айжан Сәрсенова, Гүлсім Мұрынованың және газет құрылғалы бері газет беттеу ісімен айналысып келе жатырған Шолпан Батырханованың жемісті еңбектері зор. Өткен-кеткенімізді ой-елегінен өткізіп, газетіміздің сарғайған беттеріне үңілсек «Жаңаөзеннің» жыл өткен сайын түлеп келе жатқанына көз жеткіземіз.  Бірте-бірте журналистер қатары толығып, газеттің өзіндік стилі, бет-бейнесі қалыптасты. Қазіргі күні редакция ұжымы шағын қаланың күнделікті қарбалас тіршілігінің тасасында қалып қоймай, еліміздің тарихына, халқымыздың өткен-кеткен өміріне қатысты сүбелі дүниелерді газет бетінде жиі жариялап жүр. Мұның өзі газеттің құнарлы ортадан өсіп-өніп келе жатырғанын көрсетеді

Алғашында қалалық партия комитетінің мүддесі үшін, содан кейін сол кездері 40 мыңдай халқы бар қаланың тұрғындарының қажеттілігіне жараған «Жаңаөзен» бастапқыда ана тілімізде, одан соң қоғамның талабы бойынша қазақ және орыс тілдерінде де басылып шыққан кездері болған. Басылым бетінен орын алған жаңарып жатқан өмір, экономикамыздағы оң өзгерістер және атауына сәйкес тек Жаңаөзен қаласының бүтін тыныс-тіршілігі мен оған іргелес орналасқан ауыл-аймақтардың хал-жағдайы, рухани құндылықтары, бәрі де газет ұдайы көтеріп жүрген алтын арқаулы мәселелер.

Жаңаөзен тарихының бедерлі беттеріндей боп қатталып, уақыт жылдамдығымен бірге жаңалық жеткізуші газет «Қара алтын», «Дәрігер кеңесі», «Адам. Қоғам. Заң», «Жандауа», «Қоңырау», «Жалын», «Кәсіпкерлікке – кең өріс», «Шаңырақ», «Өзекті мәселе», «Жасөспірім және заман», «Спорт», «Жаңалықтар жаршысы», «Оқырман сауалына жауап іздейміз», «Ақжүніс», «Жаңаөзен – 45» секілді арнаулы беттер, т.б. айдар, репортаж, мақалалар арқылы өз оқырмандарымен негізгі мәселелерді бөліседі.

2015 жылы газет 25 жылдық мерейтойын тойлады. Сонымен бірге, өткен-кеткенді ой-елегінен өткізіп, газеттің сарғайған беттеріне үңілсеңіз, «Жаңаөзеннің» жыл өткен сайын түлеп келе жатқанына көз жеткізесіз. Бірте-бірте журналистер қатары толығып, газеттің өзіндік стилі, бет-бейнесі қалыптасты, дизайны жағынан да оң өзгерістер болып жатыр. Жалпы, басылым тарихы айтулы оқиғаларға толы. Бүгінде қала өмірінде елеулі басылым 4000-ға жуық данамен таралады. Бұл да қазіргі таңда іс басында жүрген және оған дейінгі іскер азаматтардың, барша ұжымның еңбегі деп білеміз. Газеттің әр апта сайын оқырман қолына үзбей жетіп отыруы әрбір тілшінің, дизайнерлердің, беттеуші редакторлардың, тіпті газет жүргізушісіне дейінгі көз майын тауысып, жанымен қызмет ететін жұмыс үдерістерінен құралатын еңбектің жемісі. Қазіргі кезеңдегі уақыт талабына сай газет өз оқырмандарының талап-тілектерін қанағаттандыру мақсатында жарнама, құттықтауларды үнемі беріп тұрады.

Редактор өмірбаяны

"Жаңаөзен" газеті туралыГүлназ Бөлекбаева Жайбергенқызы 1974 жылы 13 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген.

1981 жылы Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы, Тұщықұдық елді мекеніндегі С.Жанғабылов атындағы орта мектептің бірінші сыныбына барып, 1991 жылы осы мектепті «Күміс» медальмен аяқтады.

1991 жылы Атырау педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түсіп, 1996 жылы осы оқу орнын бітіріп шықты.

Алғашқы еңбек жолын 1996 жылы Ақтау қаласындағы гуманитарлық лицейден қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып бастады.1997-2001жылдар аралығында Жаңаөзен қаласындағы гимназия, №2,10 орта мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, әдіскер қызметтерін атқарды. Қалалық «Тілші мұғалімдер олимпиадасы», «Жыл мұғалімі» байқауларының І,ІІ орын иегері. «Дебат» клубының қалалық үйлестірушісі, әртүрлі мерекелік шаралардың ұйымдастырушысы.

2001-30.11.2006 жылдар аралығында қалалық білім бөліміне қарасты педтехнология орталығында әдіскер болып қызмет етті. Облыстық «Шыңдалу мектебінің» мүшесі, «Маңғыстау әдебиеті. 7 сынып» бойынша факультатив сабаққа арналған қосымшаны жинақтаушылардың бірі. Жаңаөзен қалалық білім үйлестіру орталығының жоспарлы қалалық, облыстық, республикалық сабақтарын ұйымдастырды. Қала көлеміндегі қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, әртүрлі бағыттағы мерекелік шараларды ұйымдастыру жұмыстарының ортасында жүрді. 2006 жылдың желтоқсан айынан бастап,  «Жаңаөзен» газетінде жауапты хатшы, 2012 жылдың желтоқсан айынан бастап «Жаңаөзен» газетінің бас редакторы.

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Алғыс хаты/2005ж, Президент сайлауы қорытындысы бойынша/, Жаңаөзен қаласы бойынша «Жыл адамы-2008» «Үздік тілші» номинациясы бойынша, Қала әкімінің Алғыс хаттары 2009, 2010, 2013 жылдар, қалалық білім бөлімінің Құрмет грамотасы, Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталған.

ҚР Журналистер Одағының мүшесі/2008жыл/, 2012 жылдан қалалық «Көшбасшы әйелдер мектебі» комисиясының мүшесі, 1999 жылдан бастап «Нұр Отан» ХДП мүшесі 2013 жылдан бастап «Нұр Отан» ХДП Жаңаөзен қалалық филиалы жанынан құрылған азық-түлік тағамдарына бақылау жүргізу комиссиясының төрайымы.

фывфывфывфывфыв