Yessenov University «Бизнес және құқық» факультетінің ұйымдастыруымен «Әлеуметтік кәсіпкерлік» TED TALKS форматында ашық диалог алаңы өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Алдымен «Бизнес және құқық» факультетінің деканы Р.К.Абилшеева алғы сөз сөйлеп, TED Talks ашық диалог алаңының спикерлеріне сәттілік тіледі.
Шара барысында «Бизнес және құқық» факультетінің Экономика PhD докторанты Фатима Давитбайқызы «Әлеуметтік кәсіпкерлік» жобасының миссиясы мен жоспарын таныстырды.
Ал Пікір Сансызбаев «Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау бағдарламалары», Жібек Ахметова «Әлеуметтік кәсіпкерлік азаматтық қоғамдағы жаңа тренд» бойынша сөз қозғады. Шетелден келген профессор Sheku Ahmed Fofanah «The role of the university on promoting social entrepreneurship» тақырыбын түсіндірді.
Жалпы шараның мақсаты - өңірдегі және шетелде әлеуметтік кәсіпкерліктің даму және қалыптасу деңгейін анықтау.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, әлеуметтік кәсіпкерліктің бірнеше негізгі мақсаты бар. Біріншіден, әлеуметтік мәселелерді шешуге, оның ішінде әлеуметтік инновацияларды енгізу арқылы кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуын қамтамасыз етеді. Екіншіден, халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесіп, қоғамдық пайдалы қызметке қатысу үшін басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасайды.
Жиын соңында шара қатысушылары спикерлерге сұрақ қойып, өзара пікір алмасты.