О.Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжінде «Жомарт жүрек» атты колледжішілік «Студент дүкені» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Мақсаты - колледжде оқитын көпбалалы, аз қамтылған отбасындағы білім алушыларға қолдау көрсету. Адам өміріндегі ең игі істердің бірі - мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам басады. «Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без» дегендей қайырымдылық пен адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып жүрген О.Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледж ұжымы мен белсенді студенттері. "Алғыс - адамның адамға жоғары көңіл-күймен, шаттық сыйлағанына ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ниеті мен іс-әрекетіне жоғары баға беруі", - деген колледж директоры Таңат Ускимбаев пен тәрбие жөніндегі орынбасары Рахат Искакова қайырымдылық акциясына атсалысқан ата-аналарды, колледж педагогтарын, білім алушыларды, Жастар ресурстық орталығынан келген қонақтарға қолдау көрсеткендеріне ризашылық білдірді. Қайырымдылық акциясы аясында 12 отбасыға қаржылай көмек көрсетілді. Акцияға бір адамдай көмегін тигізген топ жетекшілері алғыспен марапатталды.
Гүлмира ӨТЕШОВА, О.Тұрмағанбетұлы атындағы МИТК педагог-психолог