Мұның бәрі роботехника үйірмесінен сабақ беретін мұғалімнің жақын туысы апатқа ұшыраған кезде басталған. Туысы қайғылы жағдай кезінде қолынан айырылып, протезге тапсырыс бергісі келеді. Ал жасанды қол шамамен 25 миллион рубль тұрады. Сөйтіп Дмитрий Кручев протезді алмастыратын қарапайым әрі қолжетімді «қол» жасауды ойлайды. Бұл ойын Дмитрийдің басшылығымен өз оқушысы 13 жастағы Даниил Белов жүзеге асырған, - деп хабарлайды Tumba.kz. - Қалыпты протезді кию үшін қатайтып тұратын орын керек, жарасы толықтай жазылу керек. Олай болмаған күні протезді қажамас үшін үнемі бақылап отыру қажет. Жарты жылдан бір жарым жылға дейін уақытта жара толық жазылып бітеді. Ал біздің ойлап тапқан протезіміз – әмбебап, оны қай қолға кисе де, жайсыздықты сездіртпейді,- дейді Ақтаудағы робототехника үйірмесінің жаттықтырушысы. - Маған мұғалім алғашқыда протез жинауды тапсырғанда қалай істейтінімді елестете алмадым. Біз бірнеше рет жинап, бірнеше рет қайта өзгерттік, себебі протез бірде істемей қалса, енді бірде шамадан тыс қатты істеп кетіп отырды. Соңында жақсы жоба ойлап таптық, - дейді Ақтау қаласы экономикалық лицейінің 8-сынып оқушысы Даниил Белов. https://www.youtube.com/watch?time_continue=40&v=AIQbnQ0TPb0
Протез роботталған. Ол нейроинтерфейс деп аталатын ерекше құралдың көмегімен ойлау күші арқылы басқарылады. Ол бас миының көрсетілімін анықтай алады: концентрация, медитация, өзге де толқындар, импульстер. Бас жұмыс жасамай тұрған кезде протез медитация бойынша жұмыс істейді. Медитация күйіне кіргенде, бармақтар жазылады, шыққан кезде де солай.
Бұған дейін Даниил Белов Мәскеуде өткен халықаралық жарыста медитация күйіне «кіруді» бірнеше минут ішінде ойлап тапқан. Бұл – нейрожарыс, онда Даниил тек ойлаудың күшімен ғана машинаны тіке қозғау қажет болған. Алдағы уақытта оқушы 5 жарысқа қатысады: республикалық, халықаралық және Ресейдегі конкурстар.
Даниилдың робототехника үйірмесінде оқып жатқанына 2 жылға жуық уақыт болған, одан бөлек ол программалау курсына барады. Ал сүйікті пәндері – физика және математика.
Әзірге Даниил Белов қандай мамандық таңдайтынын шешпепті, дегенмен ол Дмитрий ұстазымен бірге құлағы естімейтін жандардың өмірін жеңілдететін жаңа құрал ойлап таппақшы. Әзірге, жас өнертапқыш жоба жаңалығын құпия сақтап отыр.
Айгүл ДӘДЕН Суреттер Tumba.kz сайтынан алынды