Ақтау әкімдігінде қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының қалалық кезеңіне қатысушы отбасылардың құжаттарын қарау бойынша комиссия отырысы өтті. Жиында комиссия мүшелері қалалық кезеңге қатысқан отбасылардың құжаттарын бекітілген талаптарға сәйкес қарап, облыстық кезеңге жолдау үшін іріктеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Комиссия шешімі бойынша екі отбасы облыстық кезеңге жіберіледі.
- «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы адамгершілік құндылықтарын жаңғыртуға және отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған. Байқаудың мақсаты - отбасылық құндылықтарды кеңінен насихаттау, ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру. Конкурсқа қатысуға өтінімдер 15 мамырдан 15 маусымға дейін өңірлік комиссияларда қабылданған болатын, - деді Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Гүлмира Балғожаева.
Байқауға қатысуға хабарландыру 14 мамыр күні қала әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланған. Конкурсқа отбасылар өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, заңды тұлғалардың ұсынуы бойынша қатысады.