Бүгін Маңғыстау облыстық филармониясы «Ақжарма» фольклорлық ансамблі Бейнеу ауданына гастрольдік сапармен барды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасының бастамасымен ұйымдастырылып жатқан гастрольдік сапар 28 мамырға дейін жалғасады. Шара барысында Маңғыстау облыстық филармониясының өнер ұжымы, Қуыршақ театры, Н.Жантөрин атындағы музыка-драмалық театрының әртістері өңіріміздің барлық аудан, ауылдарына барып концерттік бағдарлама қояды.
Өнер сапарында Мәдениет саласының үздіктері Асқар, Асанәлі Көшеровтер, Республикалық байқаулардың жеңімпаздары Әзімхан Адай, Кәмшат Ізтілеуова, Марат Сапар сынды әншілер өнер көрсетеді.