Қарақия аудандық сотында Г-ге қатысты ҚК-тің 190-бабының 3-бөлігінің 4-тармағымен қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Г. қасақана пайдақорлық ниетпен, бөтеннің мүлкін алдау, сенімді теріс пайдалану жолымен пайда табу мақсатында И-ға видео жарнамаларын «таргет» функциясына салып рейтингін көтеріп беремін десе, Қ-ға жүргізуші куәлігін бір апта ішінде алып беремін, - деп алдаған. Осылайша, ол И-ден 59000 теңге және Қ-дан 169000 теңгені алаяқтық жолмен алып, өз міндеттерін орындамай, өзінің қажетіне жұмсаған.
Сотталушы тағылған айып бойынша кінәсін мойындап, жеңіл жаза тағайындауды сұрады.
Сот үкімімен Г. ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігінің 4-тармағымен кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, деді Қарақия аудандық сотының баспасөз қызметі.
Үкім заңды күшіне енді.