Қостанай облысында өткен «Мірдің оғы» атты ІІІ республикалық фестивалінде Маңғыстау облысының атынан өнер көрсеткен «Бозжыра» әзіл-сықақ ұжымы жүлделі ІІ орынды жеңіп алды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Аталған фестивальдің қазылар алқасында белгілі сатирик, Президент сыйлығының иегері Көпен Әмірбек, «Тамаша» театрының актёрі, «ТТТ» театрының директоры Асылбек Боранбай, «Екі езу» әзіл-сықақ театрының көркемдік жетекшісі Нұрлыбек Жұбатқан болды.
«Бозжыра» әзіл-сықақ ұжымы Жаңаөзен қаласы, Қызылсай ауылына қарасты «Ұзақбай жырау Қазжанұлы» атындағы мәдениет үйінің жанынан құрылған.