Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында болды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz ҰЭМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
АЭА аумағында министрлік делегациясы Вig-bag жұмсақ қаптамаларын өндіру жобасымен және сорғы штангалары мен муфталарын шығаратын зауыттың қызметімен танысты.
Жалпы «Ақтау теңіз порты» АЭА-да 55 қатысушы тіркелген. Оның ішінде 21 жоба іске асса, 34 жоба іске асыру барысында. Сондай-ақ Жаңаөзен қаласында өткен жиында бизнесті дамытуды және жұмыс орындарын құруды ынталандыру жөніндегі Жол картасының басты бағыттары талқыланды.
2022 жылдың қорытындысы бойынша 6 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 8 мыңнан 11 518-ге дейін өсті.