© Gov.kz
Жаңаөзен қаласының учаскелік полиция инспекторлары бір аптада 71 құқықбұзушылықты анықтады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу бойынша -19, ортақ пайдаланылатын орындарды ластау- 22, абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл желектерді жою және бүлдіру бойынша - 11 іс анықталған.
ҚР ӘҚБтК-нің 407-2 бабы 1-2 бөлімі, яғни Қазақстан Республикасының жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнамасын бұзу бойынша 19 құқықбұзушылық тіркелген.