© Фото: ашық дереккөзінен алынды
Ақтау қаласы әкімдігі миллион теңгеге дрон алуды жоспарлап отыр. Бұл дрондар құрылыс нысандарын бақылау үшін пайдаланылады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің хабарлауынша, бұл сатып алынбақ дрондар құрылыс нысандарын жан-жақты зерттеп, жұмыс барысының жай-күйін бейне және фотофиксациялау үшін пайдаланылады. Оның көмегімен қолданыстағы және салынып жатқан ғимараттардың сурет кескіндемелерін жасауға болады. Дрондармен нысандардағы жұмыс барысын қашықтан бақылау — тиімді тәсіл. Сонымен қатар оны уақытты үнемдеу, жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, шығындарды азайту, құрылыс процесін нақты уақыт режимінде бақылау үшін пайдалануға болады.
«Бұл дрондармен сурет кескіндемелерін координаттармен байланыстыруға болады. Сондай-ақ, бұл дрондардың арқасында қорғаныс аймақтарының орналасқан жері мен электр желілерінің орналасуын тексеруге де болады», - деді қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің мамандары.