Жаңаөзен қаласының прокуратурасы Қазақстан Республикасында «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заңның талаптарын бұзған жағдайда тиісті жаза көзделгенін ескертеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Жоғарыда аталған Заң талаптары сақталмай бейбіт жиналыстар өткізген немесе қатысқан жағдайда, ӘҚБтК-тің 488-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа, ал орын алған әрекеттер азаматтардың ұйымдардың қоғамның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірсе қылмыстық кодекстеріне сай тиісті жазаларға тартылады.
Бейбіт жиналыстарды (жиналыс, митинг, демонстрация, шеру және пикеттеу) өткізу үшін, негізгі шарттарды сақтау қажет.
Өйткені ол ұйымдастырылатын шараның мақсатына жетудің тікелей кепілі мен құралы болып табылады.
Бәрімізге мәлім заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды.
Ал бұны біліп тұрып қасақана жасау көзделген жазаны ауырлатуы мүмкін.
Құрметті азаматтар бейбіт жиындарды өткізу мәдинетін қалыптастыру өзімізге байланысты екенін ескеріп, заңдылықты сақтап, келеңсіз жағдайларды болдырмауға шақырамыз, делінген прокуратураның хабарламасында.