Еске сала кетейік, «Қаратұрұн Оңтүстік» кен орнындағы оңтүстік учаскесінде №303 ұңғыманы бұрғылау барысында 1088-1090 м бұрғылау құралының көтерілуі нәтижесінде газ атқылауы болды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz ТЖД-ға сілтеме жасап.
Жалынның биіктігі 10 метр. Өртті сөндіруге жоғары дәрежелі күштер мен құралдарды тарту туралы дереу шешім қабылданды.
Өртті жоюға барлығы 82 қызметкер және 17 бірлік техника жұмылдырылды.
Маңғыстау облысы ТЖД 56 қызметкер және 12 бірлік техника (АГВТ-150, АСО-20 КШМ, АР-2, ПНС-150, АЦ-3 бірлік техника, ВСом.- 4 бірлік техника, ЦӘК 1 бірлік техника), 3 қызметкер, "Ақберен", "КӘАҚҚ РО" ЖШС (15 қызметкер және 3 бірлік техника), Семсер Қаражанбас МӨҚҚ -1 бірлік техника, 6 қызметкер, Семсер Қаламқас МӨҚҚ - 1 бірлік техника, 5 қызметкер барды.
Анықтама: Оңтүстік Қаратұрұн кен орны Ақтау қаласынан 277 км, Шетпе ауылынан 135 км қашықтықта орналасқан.).
16-30 жағдай бойынша (Астана қ. 17-30) Бұрғылау жабдықтары мен контейнерлерді ұңғымалардың сағасынан сүйреп шығару бойынша жұмыстар жүргізілуде. Өрт сөндірушілердің күшімен салқындату үшін оқпандар берілді.
Махаббат Нұржанқызы