«Жылдың үздік студенті» арнайы жобасына алғаш рет мобилографтар қатысып жатыр. Байқау бір айға созылады. Осы уақыт аралығында 11 қатысушы «Жылдың үздік студенті» арнайы жобасының өту барысын бейнеге түсіреді. Креативті әрі сапалы өнім ұсынған қатысушы үздік атанады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Аталған байқаудың мақсаты - жастарды жаңа дағдыға бейімдеп, шығармашылығын арттыру.
Байқау қатысушыларының жұмысын Aktown - Ақтау қаласының шығармашылық бірлестігінің жетекшісі, режиссер, продюсер, медиамейкер Нұрсұлтан Мұрзабек бағалайды. Осылайша студенттер арасындағы үздік мобилограф анықталады.
Жеңімпаз "Жылдың үздік студенті" байқауына қатысуға жолдама алады.
Шара Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен бірлесе «Ақтау студенттер Альянсы» ұйымдастырып жатыр.